ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА БҚО-ДА 68 МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін фейсбуктағы БҚО білім басқармасының BQO BILIM News парақшасындағы тікелей эфирде басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында білім саласында атқарылған жұмыстар туралы туралы айтып берді.

– «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді. Бұл мақалада Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Елбасының дара көшбасшылығының арқасында толағай табыстарға қол жеткізгенімізді атап өтті. Сондай-ақ, егемендігіміздің тұғыры берік болуына халқымыздың даналығы мен парасаты, бірлігі мен ынтымағы, қажырлы еңбегі үлкен сеп болғанын жазды. Егемендігіміздің мәңгілік үштағаны – үш құндылықты көздің қарашығындай сақтау керектігін мәлім етті. Ол – байтақ жеріміз, қастерлі тіліміз бен береке-бірлігіміз деп атап өтті. Мақаланың «Ұлағат пен ұстаным» бөлімінде, азаматтық қоғамды дамыту мен саяси реформаларды жалғастыруға арналды. Білім мен біліктің дәуірі – ХХІ ғасырда қазақ халқы да технологиядан қалыспай, әр адам өзін жетілдіріп, жаңа кәсіпті игеріп, ел дамуының басты қозғаушы күші болуы тиіс деп көрсетілген, – деп бастады Айгүл Әділгерейқызы өз баяндамасын.
Тәуелсіздік жылдарында білім саласына ерекше назар аударылып, Қазақстан Республикасынды білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Басқарма басшысының баяндауынша, осы жылдар ішінде өңірде 33 860 орындық 68 мектеп пайдалануға берілген. Бюджеттен жүйелі түрде қаржының бөлінуі есебінен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базаны жетілдірілуде.
Оған қоса Тәуелсіздік жылдарында балабақшалар санының өсуі, мектеп жасына дейінгі балалар үшін жаңа үлгідегі ұйымдардың ашылуына байланысты мектепке дейінгі білім беру саласы жандандыру басталды. Өткен жылдарда мектепке дейінгі ұйымдар желісі қалпына келтіріп ғана қоймай олардың санын 515 бірлікке дейін көбейтілді. Осы жылдардың ішінде 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 18,1 пайыздан 76,3 пайызға дейін өсті.
Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесінен мектептерге жаңа оқу бағдарламасы енгізіліп, оқушылар жаңартылған білім мазмұнына көшті. Тәуелсіздік жылдарында 27 инновациялық бағыттағы мектептер ашылып, соның ішінде дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер, «Білім – инновация» және «Назарбаев Зияткерлік мектебі» бар.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу