ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛҚЫ 35 ПАЙЫЗҒА ӨСКЕН
Бүгін, 30 қараша күні Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте Тәуелсіздік жылдарындағы шаһардың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
– Тәуелсіздік жылдары Қазқастан үшін зор жетістіктер жылы болды. Бұл кезеңде елімізбен бірге Орал қаласы да қарқынды дамып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы еселеп артты, ең бастысы халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсарды, – деді қала әкімі Абат Абайұлы.
Қазіргі уақытта Орал қаласының аумағы 720 шаршы шақырымды құрайды. Қала құрамында Деркөл, Зашаған, Круглоозерный кенттері мен Желаев ауылдық округі бар. Осы жылдар ішінде қалада 18 жаңа шағынаудан пайда болған.
Тәуелсіздік алған жылы қала халқының саны 238 мың адамды құраса, қазіргі таңда қалада 322 мың адам тұрады, яғни халық саны 35% – ға өскен.
Қаланың өнеркәсіп өндірісінің көлемі тәуелсіздік жылдары 264,8 млн.теңгеден 183,8 млрд.теңгеге дейін ұлғайды. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 112 млн.теңгеден 107,5 млрд. теңгеге дейін өсті.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1994 жылы 360,7 млн.теңге болған. Қазір бұл көрсеткіш 10,5 млрд.теңгеге дейін ұлғайды, өсім 29,3 есе.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру

Пікір үстеу