ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ: БЕС АСЫЛ ІС
Ел Тәуелсіздігі мейрамы қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мен педагогтерінің белсенді «5 АСЫЛ ІС» акциясы ұйымдастырылды.

Қатысушылар акцияның бірінші күні қазақ әдебиетінің үздік туындыларын көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізді. 12-сынып оқушысы Владислав Запрометов Дулат Исабековтің «Транзитті жолаушы» шығармасынан мазмұнды цитаталар жарияласа, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмагүл Алмағамбетова қазақ детективінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың шытырман оқиғалы туындыларын ұсынды. Қатысушылар сондай-ақ өз follower-лерін Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовтен бастап бері қарай Жұбан Молдағалиев, Шыңғыс Айтматов, Қабдеш Жұмаділов, Сайын Мұратбеков, Асқар Алтай және тағы басқа қазақ әдебиетінің жауһарлары шығармаларын оқуға шақырды.
«Екінші асыл іс» аясында акция қатысушылары түрлі қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, мейірім мен еріктілікті насихаттады.⠀Алғашқылардың бірі болып үлгі көрсеткен дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының мұғалімдері медицина саласының ардагері Мәриям Иргалиеваға қолғабыс етсе, педагог-куратор Гүлім Жұмағалиева мектептің әлеуметтік жобаларының маңызы туралы жазды.⠀ Зияткерлік мектеп оқушылары мен ұстаздары бұл күні бұдан бөлек үйсіз жануарларға да қамқорлық танытты.⠀
«5 АСЫЛ ІС» акциясының жексенбі күні нағыз шығармашыл жандардың онлайн көрмесіне айналды. 7-сынып оқушысы Тамила Русланова суреттер сериясын Батыс Қазақстан облысының өзендеріне арнаса, өңір аудандарынан келген зияткерлер туған ауылын желідегі достарына таныстырды. Бұл күні қатысушылар бейбіт күнінің құндылықтарын бейнелеу арқылы Тәуелсіздікті жақындатқан ата-бабалар рухына тағы бір тағзым етті.
Өмірлік ұстанымды қалыптастыру, рух пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатындағы акцияның төртінші күні қатысушылар жырдан шашу шашты. Әлеуметтік желілерде өлеңқұмар оқушылар Күләш Ахметова, Ұлықбек Есдәулет, Бақытбек Смағұл, Қалқаман Сарин және тағы басқа ақындардың Отан туралы өлеңдерін оқыды.
«Бесінші асыл іске» туған жеріміздің түрлі саласында қажырлы еңбек еткен немесе қызмет атқарып жүрген қарапайым еңбек адамдары – ұстаздар, мүмкіндігі шектеулі қайсар жандар, өмір жолында бағыт берген аға-апалар арқау болды. арналды. 9-сынып оқушысы Әлия Ашарбекова медициналық-психологиялық қызметтің жедел жәрдем отрядының жетекшісі, әкесі Нұрмұхан Жұмағалиев туралы жан тебірентерлік жазба қалдырды.
– Құтқарушының басты қасиеттері – психологиялық тұрақтылық пен жанашырлық. Өз кәсібіне берілген осындай адамдарды біле отырып, мен өз өміріме және жақындарымның өміріне алаңдамаймын, – деп жазды Әлия.
Қатысушылар бес күн аралығында әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында 100-ден астам жарияланым жасады. Сонымен қатар акцияға Жәнібек аудандық Ғұсман Ғабдуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектептен жас достар да белсенді үн қосты.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу