ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ҚЫСҚА ДАЙЫН
Бүгін Тұңғыш Президент алаңында «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші кезеңі өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Бекжан Тоқжанов, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев қатысып, қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларды жою кезінде тартылатын қару-жарақ пен жабдықтардың дайындығын тексерді.

Бұл күні өртті сөндіру және жою, зардап шеккендерді эвакуациялау, іздеу және құтқару, төтенше жағдай аймағында медициналық және психологиялық көмек көрсету іс-қимылдары пысықталды. – Оқу-жаттығу шараларының басты мақсаты – біздің күштік құрылымдардың дайындықтарын жан-жақты сынау және олардың бірлескен іс-қимылдарының үйлесімділігін қадағалау. Сонымен қатар, әскери техникалардың күш-қуатын тексере отырып, кез-келген орында болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға дайын болу. Ағымдағы жылдың тамыз айында облыстағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысында қысқа әзірлік жұмыстары пысықталды. Осы орайда облыс көлемінде 125 тексеріс шарасы өтті. Қазіргі таңда жоспарға сай құтқару күштері мен азаматтық қорғау құрылымдарының қыс маусымына дайындығы қаралуда. Тек оқу жаттығу жұмыстары ғана емес,өңіріміздегі барлық құрылымдарды тексерістен өткіздік. Республикалық және жергілікті жолдардағы ұзындығы 509 шақырымды құрайтын 208 учаскеге мобильді топтар қойылды. Қысқа дайындық ойдағыдай. Жанар-жағармай жеткілікті, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығы генерал-майор Жасұлан Қыдырғожаұлы.
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары» бөлімінің бастығы Төлеген Абдушевтың айтуынша, бұл күні облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларындағы басқармасының «112» кезекші телефонына қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі 10-шағын аудан ауданында 5-қабатты тұрғын үйдің 3-қабатында өрт шығып, кіреберісі қирағаны туралы ақпарат келіп түскен. Тұрғындар түтін мен оттың арасында қалып көмек сұрайды, олардың арасында түрлі жарақаттар мен күйік алған зардап шеккендер бар. Төтенше жағдай орнына №2 өрт сөндіру бөлімі, Жедел-құтқару жасағы, медициналық қызмет бөлімшелері дереу жеткен. Өртке қарсы қызмет қызметкерлері жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге ғимараттың ішіне кіріп, зардап шеккендерді құтқарып, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Сонымен қатар, баллонның жарылысы кезінде темір бетонды жабынның бөлігі жерге құлап, астында адамдар қалған. Кинологиялық есеп топтары шартты зардап шегушіні іздеді.
Қабылданған шаралар барысында барлық арнайы қызметтердің күшімен төтенше жағдай жойылды, зардап шеккен жұмысшылар құтқарылды, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. «Қыс – 2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының қорытындысы бойынша қойылған міндеттер толықтай орындалды. Мұндай оқу-жаттығулар жоспарлы негізде жыл сайын өткізіледі.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу