8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Сәуір 2020 1712 0
Қалалықтар қаперіне

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ 1 МАМЫРҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы  Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы төтенше жағдайдың қолданысы 2020 жылғы 1 мамырдағы 07 сағат 00 минутқа дейін ұзартылсын.

Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 14 сәуір № 306

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
82 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
118 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
213 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
197 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»