«ТӨРТІНШІ БИЛІК» ӨКІЛДЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев бүгін өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Облыс басшысының атап өткеніндей, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі күннен-күнге артып келеді. Бұл ықылым заманнан бері солай десе де болады.

– Журналистер қауымы өңіріміздің әрбір елді мекеніндегі тұрғындардың ақпарат алуына, ел игілігі жолындағы жағымды жаңалықтардың жарықтануына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Күні кеше Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін мерекелеу бойынша ел Үкіметіне қаулы жасақтауды тапсырған болатын. Бұдан былай 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде ресми аталып өтілетін болады. Бұл журналистер қауымының мемлекет тарапынан назардан тыс қалмауының тағы бір дәлелі болса керек. Облысымызда 74 бұқаралық ақпарат құралдары өзінің қызметін жүзеге асырса, оның ішінде 6 электронды бұқаралық ақпарат құралы, 52 газет, 14 журнал және 2 ақпараттық агенттік болып бөлінеді. Өңіріміздің бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы жылды айтарлықтай жетістіктермен аяқтайтынына сенім білдіре отырып, зор табыспен жетіп отырған облыстық «Ақжайық» телеарнасының 55 жылдық мерейтойын және «Жайық үні» газетінің бас редакторы Мира Хамзақызы Шүйіншалиеваның халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері атанғанын қуанышпен атап өткім келеді. Бүгінгі жаһандық даму көшінен қалмай, төрткүл дүниедегі оқиғалардан дер кезінде хабардар болып отырсақ, ол ең бірінші сіздердің арқаларыңызда жүзеге асуда. Қазіргі таңда ғаламтордың қарқынды дамуы коммуникация құралдарын бір арнада тоғыстырып, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен жаңа медианың сабақтастығын күшейте түсті. Тіпті, әлеуметтік желілер БАҚ-қа бәсекелеске айналды деуге болады. Ал, жағдайдың осылай өрбуі кәсіби мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Президент қызметіне кірісу салтанатты шарасы кезінде сөйлеген сөзінде «Қазақстан жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар еліне айналды. Біз бабалар дәстүрін қастерлейтін, жаһанның озық жетістіктеріне ұмтылатын халықпыз. Бұл – біздің күш-қуатымыздың діңгегі. Біз қуатты әрі гүлденген Қазақстанның өркендеуі үшін бірге еңбек етеміз» деген болатын. Бұл жұмыстарда, біздің ең жақын әріптестеріміз сіздерсіздер. Мемлекеттік ауқымдағы реформаларды халыққа түсіндіруде де, ақпарат құралдары аянбай қызмет етуде. Өз кезегінде тұрғындардың проблемасын ашық көрсетіп, атқарушы органдар назарына да жеткізіп келесіздер. Ақпарат құралдары меншік иесінің кім екеніне қарамастан, барлық ақпарат құралдарының миссиясы біреу ғана. Ол халықты мемлекеттің жұмыстарымен ақпараттандырып, тұрғындардың проблемаларын мемлекеттік орган назарына жеткізу. Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір қызметі деген – осы болса керек. Қай кезде де қалам ұстаған жандардың көтерер жүгі жеңіл болмаған. «Газет халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген қанатты сөз тіркесі ХХІ ғасырда да өзектілігін жоймай, жаңа жаһандану дәуірінде ауқымын кеңейтіп, бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтық қоғамды одан әрі дамытуда айқындаушы рөлін арттыра түсуде. Біздің еліміздің жеткен жетістіктерінде сіздердің қосқан үлестеріңіз қомақты. Алдағы уақытта алдымызда жоғары міндеттер тұр. Оларға жету жолында бұқаралық ақпарат құралдардың рөлі өте зор. Қаламдарыңыз мұқалмай еңбекте табысты, отбасыда бақытты болыңыздар, – деп кездесу барысында «төртінші билік» өкілдерін мерекелерімен құттықтаған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы журналистерге Мемлекет басшысының Алғыс хаттарын тапсырып, сала ардагері Айтқали Нəріковке «Құрметті журналист» төсбелгісін, бір топ əріптестерге арнайы сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев, «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, БҚО Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Махсудхан Аблазимов, Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров, БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Иденов, Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директорының м.а А.Серғалиева, БҚО Дін істері басқармасының басшысы М.Раманқұлов қаламы үшкір, ойы жүйрік журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сияпаттар табыстады. Олардың қатарында «Жайық үні – Жизнь города» газетінің қызметкерлері де бар. Сөз алыбы Шерхан Мұртазаның тілімен айтқанда, «арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» журналистердің еңбектерін бағалап, алғысқа бөлеген жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.






Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу