Төрт жасар Симбаның табысы
Төбеттер арасындағы турнирлерден хабарыңыз бар ма? Итті адал дос, сенімді серік санайтын жігітттер үшін бұл доданың маңызы бөлек. Мұндай шайқастар біздің өңірде ара-тұра ұйымдастырылып тұрады. Мақсат – иттерді тестілік сынақтан өткізу.
Жаскелең Жұбаниязов өзінің сенімді төбеті Симбамен осындай жарыстарға шығып жүрген азамат. Симбасы өткен жылы облыстық чемпионатта екінші орынды иемденген.
– Итті баптау, көбейту – менің хоббиім. Жастайымнан қызығушылығым бөлек. Қазір ауламда бес итім бар. Симбаны достарым жеті айлығында сыйға берді. Алғаш қолыма ұстағаннан бауыр бастым. Ит – жеті қазынаның бірі. Олар бәрін түсінеді. Тамақтандырып, серуендетіп, мүмкіндігінше көңіл бөлуге тырысамын. Барлығы ветеринарлық тексеруден өткізілген. Уақытылы екпесін салдырып тұрамын, – дейді Жаскелең.
Төрт жасар Симбаның қанжығасында қазір екі жүлде бар. Тірсегі жұп-жуан, табаны аюдікіндей жалпақ, тұрқы төбедей Симбаның салмағы 70 келі шамасында.
– Шаршы алаңға иттердің шығуы төрт салмақ дәрежесі бойынша реттеледі. 55 келіге дейінгілер жеңіл салмақта, 55-61 келі аралығындағылар орта, 61-71 келідегілер ауыр салмақта шығады. 71 келіден жоғары иттер абсалютті салмақ болып есептеледі. Менің итім ауыр салмақ дәрежесінде шығып жүр. Сынақ алдында жүгіртіп, жаздыгүні суға жүздіру арқылы дайындаймын, – деді Симбаның қожайыны.
Жаскелеңнің төбеті өңірдегі ғана емес, көршілес Ақтау, Атырау, Ақтөбе облыстарындағы бәсекелерге де шығып жүр. Мұндай тестілік сынақтарды «Тазы Төбет Бөрібасар» федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Айқас кезінде иттердің жеңісі шарашы алаңда бас төрешінің және қос қапталдағы төрешілердің шешімімен айқындалады. Әрі иттер міндетті түрде ветеринарлық дәрігердің қадағалауында болады.
Төбеттер – жер бетіндегі иттердің ең ірісі саналады. Бітімі бөлек, тау тұлғалы сырттандар суыққа да, ми қайнатар ыстыққа да төзімді келеді. Тағы бір ерекшелігі – балаларға тиіспейді. Мінезін қарсыласқа ғана көрсетеді екен.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу