ТӨРАҒА ШЕКТЕН ШЫҚТЫ
Ет бұзылса тұз себеді, тұз бұзылса не себеді? Орал қаласының іргесіндегі «Зачаганский» бау бақша серіктестік саяжай қоғамының төрағасы көшені тегістеуге бөлінген ескі асфальтты үйінің алдына төсеп алған. Бұған ашуланған тұрғындар төрағаны сотқа беріпті. Олардың сөзінше, күн райы бұзылса, жолсыз жермен жаяу адам түгілі, көлік жүре алмайды. Қыста қарға малтығып, жаңбыр жауса белшеден батпаққа батады.

Тұрғындар төрағаның қылығы шектен шыққанын айтады. Бірақ кімнен көмек сұрарын білмейді. Өйткені бұл жер саяжай болғандықтан, жол салу қарастырылмаған. Ал ебін тауып, әрең алған ескі асфальт төрағаның ауласына төселді деп шағымданады тұрғындар. Сол себепті ашынған халық оны сотқа бергендерін айтады. Осы орайда «Құс фабрикасы» аталып кеткен ауданның халқының сөзін саяжай қаумдастығының төрағасы теріске шығарды. – Ол – қате әңгіме. Біз қазір айтып отырған Бейбітшілік көшесімен №3 қоғамдық көлік жүріп жатыр. Автопарктың сұранысы бойынша шоқалақ, тегіс емес жер болатын. Соны тегістеу бағытында жасалған жұмыстар. Олардан жазылған хаттар бар ,– дейді саяжай қоғамының төрағасы Асылбек Қабесов. Бізбен кездескен тұрғындар мәселенің мәні тереңде жатқаның жеткізді. Олар көмек сұрап біраз табалдырықты тоздырыпты. Тіпті қала мен облыс әкімдеріне дейін шағымданып, мәселінің мән-жайын түсіндірген. Сол себепті көктем мен күзде толарсақтан саз кешіп, тілерсектен су кешетін халықтың бұл мәселесі сала басшыларына таныс. Бұл бір ғана саяжайдағы мәселе. Мұнда жол салуға нақты қаражат бөлінбейді. Сол себепті жол жайының қашан және қай кезде шешімін табарын нақты ешкім дөп баса алмайды. Жоғарыда аталып өткендей, жағдайды сала мамандары жақсы біледі. Сол себепті биыл ескі жол құрылысынан қалған материалдардан 1 шақырым қоғамдық көлік жүретін жолдарға қара жабын төселген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді мамандар.
Жол мәселесі саяжай ғана емес, қала маңындағы елді мекендерге де жақын маңда салынуы екіталай. Орал қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Меңеевтің айтуынша, биыл жөнделуі тиіс 50 көшенің жобалау құжаттарынан шикілік шығып, кері қайтарылыпты. –Жобалау-сметалық құжаттарында қателік кеткен. Соны анықтап, қазір қайта қарастырып, сараптаудан өткізіп жатырмыз. Конструктивтік жағынан, тротуарлардың кейбір жерінен қате кеткен. Басқа да қателіктері бар. Сол себепті қазір қайта қарау жұмыстары жүріп жатыр, – деді Айдар Меңеев. Биыл қала көшелерін жөндеуге жергілікті бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінген. Бүгінде соның 77 пайызы игеріліпті. Дегенмен шаһардың шеті түгілі, орталықтағы көшелердің тең жарымында асфальт жоқ.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу