Тұрғын үйлердің 72 пайызы жылыту маусымына дайын
Қала әкімі Абат Шыныбековтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді. ТЖК отырысында халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріңің 2019-2020 жылдың қысқы кезеңіне дайындығы, өткен суға шомылу маусымының қорытындысы қаралды.

Биыл суға шомылу маусымы кезеңінде қала аумағында 9 адам суда қаза болған. Орал қаласы ТЖБ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бахытжан Ихсановтың баяндауынша, Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде шомылу, жүзе алмау, қауіпсіздік ережелерін бұзу, балаларды қараусыз қалдыру. Б.Ихсанов басқарма тарапынан қаланың су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешеніне тоқталып, су айдындарында рейдтер жүргізілгенін және мектеп жанындағы лагерлердегі су айдындарда балалар қауіпсіздік шараларына оқытылғанын жеткізді.
Кеңес барысында Орал қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев қаладағы көппәтерлі тұрғын үйлердің жылу беру маусымына дайындығын баяндады.
Бүгінгі күні бойынша 35 денсаулық сақтау мекемесінің 30-ы, яғни 86%, 49 білім мекемесінің 46-сы (94%), 20 мәдениет саласы мекемесінің 12-сі (60%) ждайын. Орталық жылыту жүйесіне қосылған 1188 тұрғын үйдің 855-і жылыту маусымына толығымен дайындалған. Кеңес барысында «Батыс Су Арнасы» ЖШС қызметіне де назар аударылды. Қаланың су құбыры-кәріз желілері мен құрылыстарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының жоспары әзірленді. Сумен қамтамасыз ету қызметі қысқы кезеңдегі жұмысқа желілерді дайындау үшін жөндеу жұмыстарын жүргізуде.
Кеңес жұмысын қала басшысы қорытындылап, жылыту маусымына қатысты барлық шаралар жіті назарда ұстау қажеттігін тапсырды.
И.Өтешева, Орал қаласы ТЖ басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу