ТҰРҒЫН ҮЙ СЕКТОРЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАДАҒАЛАНДЫ
ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың нұсқауына сәйкес 16 ақпан тұрғын үй секторындағы республикалық өрт қауіпсіздігі күні болып жарияланды. Аталған нұсқау негізінде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының 08.02.2019 ж. №41 бұйрығымен тұрғын үй секторындағы өрт-профилактикалық жұмысын ұйымдастыру бойынша штаб құрылды.

2019 жылдың 16 ақпаны күні Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Тұрғын үйдегі өрт қауіпсіздгі күнін» ұйымдастырып өткізді.
Өткен демалыс күндері Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметі мен коммуналдық қызмет, еріктілер мен БАҚ өкілдері өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізді, оның барысында азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері мен су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекетін түсіндіру бойынша аула аралау жүргізілді.

Аталған іс-шара облыстың барлық аудандарында да жүзеге асырылып, оларда халыққа қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді. Сенбілік барысында азаматтық қорғау қызметкерлері 9800-ден астам облыс тұрғандарын қамти отырып 4 мыңнан астам аула аралау жүргізді. Нәтижесінже өрт қауіпсіздігі тақырыбында дайындалған 19 мыңнан астам жадынама таратылды. БҚО ТЖД қызметкерлері мен еріктілер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірсе, коммуналдық қызмет өкілдері тұрғын үйлердегі газ құрылғылары мен пештерге тексеріс жүргізді. Бұзушылық анықталған жағдайда, БҚО ТЖД қызметкерлері алдағы уақытта осындай бұзушылықтың нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуын ескерте отырып бұзушылықтарды қалпына келтіруге ескерту берді.
Облыс аумағындағы тұрғын үй секторында өрттерді тұрақтандыру мақсатында Департаменттің және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері тұрақты негізде профилактикалық жұмыстарды жүргізуде.

БҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу