8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Ақпан 2019 1912 0
Өзек

ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТАН КӨШ БАСТАП ТҰР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Батыс Қазақстан облысы  бойынша департаментінде 2018 жылы 86 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелген. Тіркелген сыбайлас жемқорлық қылмыстардың басым бөлігі парақорлық. Бұл – 44,2 пайызды құрайды. Ал  сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін ұрлау және алаяқтық – 37,2 пайыз, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану – 24,4 пайыз. Өндіріспен 74 қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілген. Өткен жылы өңірде орын алған сыбайлас жемқорлық қылмысы фактілері туралы толығырақ бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында департамент басшысы Рустам Ақмырзаев баяндады.

Рустам  Сапарбекұлының айтуынша, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған 40 тұлғаның 10-ына бас бостандығынан айыру, 21-іне айыппұл төлеу, 9-ына басқа жазалар тағайындалған.  Тергеумен аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 375,7 млн. теңгені құраған. Оның 125 млн. теңгесі өндірілген. Есептік кезеңде 47 мемлекеттік қызметші мен оларға теңестірілген тұлғалардың қатысуымен 86 сыбайлас жемқорлық қылмысы жасалған.

–  Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ең көбін жергілікті атқарушы органның қызметкерлері жасаған, яғни 46 қылмыс тіркелген, 16 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ, ішкі істер огандарының қызметкерлері 33 қылмысқа жол берген. 22 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін 4 министірліктің аймақтық құрылым қызметкерлері, ҚР Ұлттық банкінің облыстық бөлімшесінің 2 қызметкері мен квазимемлекеттік сектордың 2 қызметкері жауапқа тартылды, – деді департамент басшысы.

Өткен жылдармен салыстырғанда анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жүргізілген талдау жұмыстары спорт және мәдениет салаларында өзгеріс бар екенін көрсетіп отыр.  Бұрын анықталған құқықбұзушылықтардың саны бойынша алдыңғы орындарда болған бұл салаларда 2018 жылы қылмыстар тіркелмеген. Ал тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен құрылыс саласы көшбасшылық орындарды нық ұстап тұр. Бұл салада 35 қылмыс анықталып, 7 тұлға жауапқа тартылған. Ішкі істер органдары қызметкерлері де  сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау тоқтамай келеді.

– Ішкі істер орган қызметкерлерімен жасалатын қылмыстардың бірі лауазымдық өкілеттіктері шеңберіне кіретін мәселелерді шешу бойынша заңсыз іс-әрекеттер жасағаны үшін, атап айтқанда, адамдарды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатқаны үшін пара алу жайттары болып отыр. Лауазымдық өкілеттіктер шеңберіне кірмейтін мәселелерді шешу бойынша заңсыз іс-әрекеттер жасау жолымен алаяқтық фактілері орын алуда, – деп толықтырды Р.Ақмырзаев.

Ал аудандар бойынша ең нашар жағдай Бөрлі ауданында. Бұл ауданда 27 құқық бұзушылық жасалып, 4 лауазымды тұлға жауапқа тартылған.  Теректі ауданында – 9 құқық бұзушылық анықталып,  3 тұлға жауапқа тартылса, Бөкейорда, Жәнібек, Бәйтерек, Сырым, Тасқала аудандарында бі-бірден сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»