8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қазан 2020 1420 0
Қалалықтар қаперіне

ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕКЕНЖАЙ БОЙЫНША ЕМХАНАҒА ТІРКЕЛУДІ ОНЛАЙН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ОҢАЙ ӘДІСІ

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін емханаға тіркелу науқаны басталып кетті. Егер өз емханаңызға тіркеліп үлгердіңіз бе? Үлгермесеңіз, оны оңай да онлайн жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.


Egov.kz порталы арқылы:
Egov.kz порталына кіріңіз;
Іздеу жолында «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» деген қызмет атауын теріңіз;
Қызметті онлайн сұратыңыз;
Бірінші қадамда сіз кімді тіркейтініңіз (балаңыз/өзіңіз) және тұрғылықты жеріңіз туралы ақпаратты енгізесіз;
Медициналық ұйым атауын және дәрігеріңіздің аты-жөнін таңдаңыз;
Мекенжайыңыз бен байланыс нөміріңізді көрсетіңіз;
Келесі қадамда енгізген мәліметтеріңіздің дұрыстығын тексеріп, қызмет мәртебесімен таныс болыңыз;
Нәтижені жеке кабинетіңіздегі қызметтер тарихынан біле аласыз.

Телеграм бот арқылы:
Телеграмдағы EgovKzBot2.0 ботына кіріңіз;
Теру жолынан көрсетілетін қызметтер тізімін ашыңыз;
Денсаулық сақтау батырмасын басыңыз;
Медициналық ұйымға месенджер ақылы тіркелу батырмасын басыңыз;
Қызметті кімге алатыныңызды көрсетіңіз;
Мекенжай мәліметтерін растаңыз;
Тұрғылықты өңіріңізді көрсетіңіз;
Емхананы таңдаңыз;
Тіркелу себебі мен дәрігердің аты-жөнін көрсетіңіз;
Бот сіздің өтінішіңіздің нөмірі мен тіркелгендігіңіз туралы ақпаратты бірден көрсетеді.

Емхана арқылы:
Жеке куәлік және басқа да денсаулығыңызға қатысты құжаттарды емхананың тіркеу бөліміне көрсетіп, өтініш қалдырыңыз.

Қызмет көрсету мерзімі – 1 жұмыс күні

Қызмет нәтижесі:
Емханаға тіркелгендігі туралы медициналық ұйымның ЭЦҚ-сымен расталған электронды талон.

Ескерту, қызметті алмас бұрын тіркеуге тұрғыңыз келген емхананың дұрыс атауы мен дәрігердің аты-жөнін алдын ала біліп алған абзал.

Емханаға тіркелген кезде, бұрыңғы тіркеуден автоматты түрде шығасыз.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»