ТҮЛЕКТЕР МЕН ОҚУШЫЛАР ЖАҢА ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІН ЖАСАҚТАДЫ
Оралдағы Зияткерлік мектеп түлектері мен оқушылары тамақтану орындарына арналған жаңа төлем жүйесін жасақтады. «Pie Pay» бойынша тұтынушы мекеме ұсынған арнайы pау карта арқылы төлем жасай алады.

Жоба жетекшісі – АҚШ-тағы Вирджиния унисерситетінің студенті, Оралдағы Зияткерлік мектеп түлегі Шымболат Тналиев. Талапты жас Финляндия, Түркияда білім алып жатқан мектеп түлектері мен оқушылардың басын қосқан.
– Шет елде қазақстандық студенттер маған көп көмектесті. Мен де білген-түйгенімді өзгелермен бөлісуді парызым деп санаймын. Біздің шетелде жинақтаған тәжірибе мен оқушылардың білімі бір арнада тоғысты, – деп бөлісті Шымболат.
Команда мүшелерінің әрқайсысына түрлі міндеттер жүктелген: бірі бағдарламалаушы қызметін атқарса, қалғандары дизайн жасау, қаржылық сұрақтарды реттеу, маркетинг, ұйымдастыру жұмыстарына жауапты.
Жастардың сөзінше, жаңа төлем жүйесі уақыт үнемдейді, тапсырысты жеделдетеді. Сонымен қатар жеке мәліметтер қажет болмағандықтан, тұтынушы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Қазір инвесторлармен келіссөз жүргізілуде. Көп ұзамай Алматының тамақтанатын мекемесінде тестілеуден өтпек.
– Біз бұл жобаны «трамплин» деп атар едік. Себебі стартапты бастау, өнімді ұсыну жолдары, компаниялармен қарым-қатынас сияқты тәжірибе жинақтаудамыз, – дейді 11-сынып оқушысы Данияр Жарқынұлы.
Түлектерден үлгі алған оқушылар да мектеп игілігі үшін бірқатар жобаны қолға алған. Даниярдың сөзінше, қазір оқушыларға арналған дербес сайт жасалуда. Сонымен қатар облыс мектептері оқушыларының қатысуымен түрлі жарыстар ұйымдастыру жоспарда.
Айта кететін жайт команда мүшелері – мектептегі робототехника курсының қатысушылары. Осы жерде олар әркімнің белгілі бір салада қабілеті бар екенін аңғарыпты.
– 5-сыныптан бастап шетелде білім алуды армандадым. Арманымды ақиқатқа айналдырған физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұстаздарына алғыс айтамын. Басты жоспарым – Отаныма оралып, электр энергетикасы саласына үлесімді қосу, – дейді болашақ инженер Шымболат.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу