8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Мамыр 2020 1664 0
Қоғам

ТҮЛЕКТЕР АТТЕСТАТ АЛУҒА МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАТЫСАДЫ

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнәр Сәрсенғалиева «Карантин режиміне байланысты оқу жылының аяқталу шараларына қойылатын талаптар және білім саласындағы кейбір нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер» туралы айтып берді. 

Гүлнәр Ақмырзақызы атап өткендей,  3-4 маусымда санитарлық эпидемиялық талаптарды сақтай отырып, 11-сынып бітірушілеріне аттестат табыс ету шарасы өткізіледі. Шара кезінде мектеп бітірушілердің, педагогтердің, ата-аналардың денсаулығын, өмірін сақтау, коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында құрметті қонақтар шақырылмайды. 2 ата-анадан артығы қатыспағаны жөн.

– Әр бітіруші сыныптарда шара сыртта мектеп аумағында өтеді. Мектеп бітірушілер мектеп формасында болады. Әр қатысушы арасында дистанция 1,5 – 2 метр арақашығы және бетперде тағу тәртібі сақталуы тиіс. Шараның өтуіне қатысты бірнеше ұсынбалар берілді. Яғни бітіруші сыныптар шараларының арасы 20 минуттан кем болмайды, ата-аналар мен оқушылардың қиылыспауы керек. Шараға  оқушылар мектеп формасымен қатысады. Сондықтан ата-аналарға сәнді киім іздеудің  қажеті жоқ, – деді Гүлнәр Сәрсенғалиева.

Маңызды ақпарат – мектепке, педагогтерге, мектеп әкімшілігіне сыйлықтар беруге; аниматорларды, жеке студияларды жалдауға; тойлауға, мерекелік дастархан жаюға, автокөлік жалдап саяхаттар жасауға, мейрамханалар мен кафелерде атап өтуге жол берілмейді.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
112 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
168 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
234 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
266 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
311 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»