ҚҰТҚАРУШЫ МЭЛС
Құтқарушы – бұл дене дайындығы мен темірдей жүйкені талап ететін кәсіп. Аяз ба, аптап ыстық па ауа райының қолайсыздығына қарамастан шақыру алған соң қиын жағдайда қалған адамға көмекке асығады. Сондай жандардың бірі Мэлс Искаков.

2009 жылы Қаратөбе ТЖБ маманы қызметіне жұмысқа тұрған болатын. Қазір Қаратөбе ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы. 2009-2019 жылдардағы Қаратөбе ауданының ТЖБ-сындағы қызметі кезеңінде Мэлс Тлектесұлы өрттердің алдын алу мақсатында өз аумағында орналасқан барлық объектілерді аралап, бұзушылықтарды анықтау мен жоюға көмегін тигізді. Ұйым басшылары мен жұмысшыларына, соның ішінде мектеп оқушыларына өзінің бай тәжірибесімен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қызметтік парызы бойынша борандар мен бұрқасындарда жоғалған және транспорттық көліктерде кептеліп қалған адамдарды құтқару және эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастырды.
Биылғы жылдың 19 қаңтары күні болған оқиға осы сөзіміздің айқын айғағы. Егер құтқарылған адамның туыстары болмағанда бұл оқиғаның батыры мұны біреуге айтуы екіталай еді. Себебі азаматтық қорғау подполковнигі Мэлс Тілектесұлы Искаков қарапайым жан.
Сол күні сағат 21.10 шамасында Мэлс Тілектесұлы жұмыстан тыс уақытта үйде болған кезінде оның телефонына аудандық полиция бөлімінің жедел кезекшісі Сырым-Қарақамыс тас жолының 87-шақырымы шамасында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарды шығара алмай жатқандары туралы хабар түсірді.
Бір сәтке де ойланбастан М.Искаков болған жайды жұмыстағы әріптестеріне хабарлап техника мен құтқарушылар келгенше өзінің жеке автокөлігімен оқиға болған жерге аттанады. Барған кезде шөп тиеп алған трактор тіркемесіне VOLKSWAGEN PASSAT автокөлігі келіп соқтығысқан.
Машинада төрт адам болған олардың біреуі сол мезетте мерт болса, екіншісі кейін ауруханада жан тапсырады. Кейін анықталғандай, артқы орындықта отырған екі жолаушы автокөлікте қысылып қалған. Машинадан әуелі жүргізушіні шығарып, одан кейін Мэлс Тілектесұлы екінші адамды шығару кіріскен, оның мұрны жапырылып, соның салдарынан тыныс жолдары ұйыған қанмен бітеліп дем ала алмай қалған, кеудесін өзіне тартқан кезде зардап шегушінің аузынан қан бұрқ етіп шыққан. Кейінірек дәрігерлер қанның осылай шығуынан зардап шегушінің жаны аман қалғанын айтады.
Зардап шегушілерді жедел жәрдем каретасына салғаннан кейін де М.Искаков олардың қасынан шықпады. Уақыттың кеш боп қалғанына қарамастан таң атқанша ауруханада болды, кейін облыс орталығына апаратын машинаға орналастыруға көмектеседі. Осылайша біздің қызметкеріміздің жедел әрекетінің арқасында екі өмір құтқарылады.
Өрт сөндіруші кәсібі – әлемдегі ең күрделі кәсіптердің бірі. Жылжымалы баспалдаққа өрмелеуге, қою түтінде қозғалуға, жүгіруге, секіруге, ауыр көтеруге, ең қиыны әрбір сәтте басқаны құтқару үшін өз өмірін қатерге тігуге де дайын.
Батыс Қазақстан облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу