«СЫРТҚЫ КЕЛБЕТПЕН КҮРЕСУ НӘТИЖЕ БЕРМЕЙДІ»
Дін мәселелері бойынша Батыс Қазақстан облысында 122 мүшесі бар 14 ақпараттық түсіндіру тобы жұмыс жасайды. Облыстық дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығы топ мүшелерінің жұмыс сапасын арттыру, біліктілік деңгейлерін арттыру мақсатымен оқыту семинарларын ұйымдастыруда. «Дін атын жамылған экстремизм және дерадикализация» тақырыбында өткен кезекті семинарды «Нұр-Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин жүргізді. Сондай-ақ жергілікті тарихшылар қазақ халқының дәстүрлі рухани құндылықтары туралы дәріс берді.

Екі күндік семнарды теолог Асқар Сабдин дерадикализациядағы субъект, объект, әсер ету ұғымдарын түсіндіруден бастады. Радикалдармен жұмыс жасайтын субъекттің толық меңгеруі тиіс төрт құзыреттілігі бар. Біріншіден, объекттің идеологиясын білу. Егер субъект объекттің идеологиясын, мотивтерін білмесе, диагностика жасай алмайды. Сәйкесінше, оңалту әдісінің нәтижесі болмайды. Екінші шарт – объекттен қорықпау. Асқар Кәлімжанұлының сөзінше, бұрын-соңды радикалдармен жұмыс жасамаған мамандардың объекттен қорқып, олармен тілдесуден қашқақтап жүретін жағдайлары бар. Мақсат – дерадикализациялау болғандықтан, объектпен кездесуден қорықпай, еркін сөйлесу маңызды. Үшінші шарт – Қазақстандағы «Экстремизм және терроризм туралы» заңды және құқықтық емес терминдерді жетік білу.
– Радикалдар сұхбаттасушының әлсіз тұсын іздеп, соған шабуыл жасауға тырысады. Яғни, өзін қорғау үшін үш түрлі санатты пайдаланады. Теологпен сөйлескенде құқықтық терминдерді қолданса, құқық қоғау органы қызметкерлерімен шариғи тұрғыдан сөйлеседі. Үшішіден, қылмыстық түсініктермен адамға қарсы әрекет етеді. Яғни, дерадикализатор құқықтық немесе діни тұрғыдан да радикалға жауап бере білуі керек. Олар ілік іздеу арқылы, сұқбаттасушының өзіне немесе жүйеге тиісуі мүмкін,– дейді Асқар Кәлімжанұлы.
Төртіншіден, радикалдардың арасында қолданылатын діни ұғымдарды біздің түсінігімізге сәйкестендіріп, дүниетанымын дұрыстау керек. Субъектте осы төрт құзыреттілік болмаса, өзі объектке айналып, әсер ету кері жүруі ықтимал. Өкінішке орай, елімізде радикалды оңалту бағытында жұмыс жасай жүріп, солардың ықпалымен өз көзқарасынан айнып, радикалға айналған құқық қорғау қызметкерлері де, теологтар да, имамдар да бар. Бұл – радикалдардың сыртқы келбетімен ғана күресіп, идеологияға мән бермеуінен болған қателіктің салдары.
Радикалдарды оңалтудағы әсер етудің шарттары диагностика, яғни оның осы жолға түсу себебін анықтау арқылы көзқарасын түзеп, қоршаған ортаға бейімдеумен сипатталады. Радикалдардың көзқарасын, ойлау жүйесін түзеу оңай емес. Асқар Сабдиннің айтуынша, радикалдарды теологиялық оңалтудың көрсеткіші 20 пайыздан аспайды. Әлемдік деңгейде де дәл осындай жағдай. Ал кейбір елдер жеңілгендерін мойындап, дерадикализацияға тоқтау қойған. Дегенмен, теолог біздің елдің радикалдармен күресуге қауқары, практикалық тәжірибесі жеткілікті екенін атап өтті. Назар аударарлық тағы бір мәселе – оларды қоғамға бейімдеудің дұрыс жүргізілмеуі. Сондықтан объект радикалдыққа қайтадан түсуі бек мүмкін.
Семинар аясында теолог экстремистерді діни радикалды ойлардан теологиялық қайтару әдістері мен райынан қайтқан радикалдарды дерадикализация кезеңінде пайдалану туралы айтып, Қазақстанда тыйым салынған діни ұйымдар, қозғалыстар, әдебиеттер және материалдарды таныстырды.
Сондай-ақ семинарға қатысқан ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері мен ҚАЖД саласы мамандары М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті, тарих ғылымдарының кандидаты, дүниежүзілік тарих және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Алтынай Жорасованың «Қазақ халқының дәстүрлі құндылықтары», «Ұлттық мәдениет және салт-дәстүр» тақырыптары бойынша дәрісін тыңдады.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу