8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2019 3030 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Бүгін Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Қоғам үшін қауіпті кеселмен күресудің тиімді жолы – оның алдын алу, оған мүлдем төзбеушілік танытып, күнделікті қарым-қатынаста ешқандай жол бермеу. Дөңгелек үстелді ашқан басқарма бастығы, подполковник Рафхат Мажитов Рафхат жемқорлық тәуекелін жою мақсатында басқармада жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметші өз еліне, атқаратын қызметіне адал болуы тиіс екені атады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті Превенция жəне парасаттылық басқармасының  басшысы Біржан Хайруллин облыс бойынша орын алған сыбайлас жемқорлық фактілеріне тоқталды жəне осындай құқықбұзушылыққа итермелейтін себептерін ашып айтты.

Дөңгелек үстел соңында тақырыпқа байланысты бейне роликтер көрсетілді.

Айта кету керек,  сыбайластықты болдырмау мақсатында Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында жеке құраммен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар өтуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл » Заңының аясында арнайы сабақтар да жиі ұйымдастырылады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
45 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
142 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
197 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
260 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
292 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»