СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ АТҚАРУ ЖҮЙЕСІІНҢ 47 ҚЫЗМЕТКЕРІ СОТТАЛДЫ
БҚО ҚАЖД мекемелері бейнебақылау камералары және бейнетіркегіштермен жеткіліксіз жабдықталған. Бұл туралы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі туралы мәлімдеді

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі БҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығының, «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесінің басшысы А. Сәлиеваның қатысуымен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істер бойынша ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде енгізілген ұсыныстарды қарады. Пенитенциарлық жүйенің жабық болуы сыбайлас жемқорлықтың және оның ішінде басқа да жағымсыз құбылыстардың таралуы үшін жағдайлар туғызады, ал сотталғандар өздерін заңсыз әрекеттерге мәжбүр ету жөнінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке немесе қадағалау органдарына кедергісіз және тікелей жүгінуге мүмкіндігі жоқ. Соңғы үш жылда және ағымдағы жылдың 1 тоқсанында республика бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлеріне қатысты 188 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болды.
Оның ішінде 138 қылмыстық іс өндірісі аяқталды, оның 134-і сотқа жіберілді. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша әртүрлі жаза түрлеріне жүйенің 47 қызметкері сотталды. Анықталған қылмыстардың ең көп саны парақорлық, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және жымқыру фактілеріне тиесілі. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында 2017 жылдың наурыз айында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД 170/2 бастығының орынбасары Шайхиев пен жедел уәкіл Баязитов сотталған, олар сотталғандардан мерзімінен бұрын шартты түрде босату үшін жалпы көлемі 200 000 теңге пара алған. Өткен жылы БҚО бойынша ҚАЖД қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы – бас есепшісі Дүйсенғалиева алаяқтық, қызметтік жалғандық және пара беруге ықпал ету фактілері бойынша (6 жылға бас бостандығын шектеу) сотталды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында БҚО бойынша ҚАЖД лауазымды тұлғаларына қатысты сотталғандарға қатысты психологиялық және физикалық қысым көрсету арқылы азаптауды қолдану фактілері бойынша (ҚР ҚК 146-бабы – 17), сотталғандардан пара алу (ҚР ҚК 366-бабы – 2), бақылау қызметін атқару ережелерін бұзу (ҚР ҚК 448-бабы – 5) бойынша 24 қылмыстық іс қаралды. Істердің негізгі бөлігі қызметкерлердің кінәсі дәлелденбеуіне байланысты тоқтатылды. Бұларды тіркеудің негізі болып, мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандар тарапынан түскен шағымдар, ҚАЖД қызметкерлерінің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы.
Қылмыстық істердің материалдарын талдау барысында анықталғаны мекемелер бөлмелерінде бейнекамералардың қажетті саны, сондай-ақ мекеменің арнайы сотталушылармен жұмыс істейтін қызметкерлердің бейнетіркегіштердің жеткіліксіз екенін көрсетті. Кейбір жағдайларда бейнежазба сақталатын жады әрбір 15 тәулік сайын жаңартылып, қылмыстық істі тергеу кезінде бейнебақылау камераларында бейнежазба жоқ екені анықталуда. Мұның бәрі ҚАЖД лауазымды тұлғаларының құқыққа қарсы әрекеттерін дәлелдеу процесін қиындатады. Осыған байланысты, мекеме қызметкерлері тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің алдын алу және жолын кесу мақсатында, сондай-ақ сотталғандар тарапынан арандатушылық пен негізсіз айыптауларға жол бермеу мақсатында ҚАЖД басшылығына лауазымды адамдар немесе арнайы контингент тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасалған жағдайда тәулік бойы түсірілген бейнеақпаратты басқа электрондық тасымалдаушыға жадыдан тез арада көшіру (түсіру) ұсынылды.
Сонымен қатар, БҚО ҚАЖД басшылығына жазаны орындаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бас бостандығынан айыру орындарының бөлмелерін бейнебақылау жүйелерімен толық жарақтандыру, бас бостандығынан айыру орындарын күзетуді жүзеге асыратын ҚАЖД қызметкерлерін видетіркегіштермен қамтамасыз ету, кадрларды даярлау және оқу мекемелерінде ҚАЖД қызметкерлерін іріктеу сапасын арттыру, ҚАЖД қызметкерлерін даярлау, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру процесінде түрме жүйесінің халықаралық құжаттары мен стандарттарына барынша бағдарлау ұсынылды
Жалпы, сыбайлас жемқорлықты азайту үшін барлық деңгейдегі басшылардың қол астындағылардың жасаған сыбайлас жемқорлық көріністері үшін дербес жауапкершілігі қағидаты бойынша бірыңғай жұмыс жүйесін қалыптастыру қажет. Ішкі қауіпсіздік қызметінің жұмысын жеке құрам арасында құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, оларды туындататын себептерді анықтауға бағытталуы тиіс.

Әр азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу