«Sunkar smart sity» – қауіпсіздік жүйесін дамытудың жалғасы
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Sunkar smart sity» бейнебақылау жүйесі жұмыс жасай бастады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясындағы жоба әзірге Бәйтерек ауданында жүзеге асырылуда. Жоба іске қосылған екі аптаның ішінде үш қылмыстың тез ашылуына мүмкіндік берген.

Қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде бейнебақылау жүйесінің көмегі зор. Жаңа жоба бойынша орнатылған камералар Бәйтерек ауданының жеті елдімекенін қамтиды. Бұлар – Мичурин, Асан, Дарьинск, Калининский, Үшлкен шаған және Көшім. Жалпы 243 бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар дрондар арқылы бақылау жүргізіледі.
– «Sunkar smart sity» өзегі Переметныйда орнатылды. Осында бағдармаға енгізілген барлық елдімекендерден ақпарат түсіп отырады. Операторлар жағдайға байланысты нақ уақытта бақылауға алады. Бағдарламаны қосылғаннан-ақ үш қылмыс ашылды. Бір нүктеге екі камераға қойылған оның бірі – бекітілген, екіншісін – оператордың бұруына болады. Сондай-ақ біз құқық қорғау органдарына қылмыскерлерді іздестіру бойынша жаңа алгоритм ұсынып отырмыз, – дейді Александр Молчанов.
Өткен жылмен салыстырғанда биыл өңірімізде қылмыстар аз да болса азайып келеді. Қоғамдық орындарда тәртіп сақталуы қажет екендігі туралы айтылғанымен, қылмыстардың 30 проценті осындай орындарда тіркеліп отыр. Барлық бағыттар бойынша полицейлер патрулін қою мүмкін емес. Сондықтан Серік Қойсарыұлының айтуынша, құқық бұзушылықтың алдын алуының бір амалы – бейнебақылау жүйесін енгізу.
– 2000 жылдардан бастап елімізде жедел басқару орталықтарына байнебақылау жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта біздің қаламызда 97 бейнебақылау камера қойылған. Оған қоса «Қауіпіз аула» жүйесі бойынша 346 камера қойылды. Осы камералардың көмегімен жыл басынан бері 48 қылмысты аштық. Олардың 13-і ұрлық, 15-і бұзақылық және басқалары. 6000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды. Олардың тең жартысы жол қозғалысы ережелеріне қатысты болса, бір қатары қоғамдық тәртіптің сақталмауына қатысты. Қауіпсіздік жүйесін дамытудың жалғасы ретінде жасалып жатқан жұмыстардың бірі ретінде «Sunkar smart sity» жобасын атап өтуге болады, – деді БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Серік Сүйінбаев.
Қазіргі уақытта Бәйтерек аудандық Полиция бөлімінің полицейлері жаңа жүйемен жұмыс жасауды үйренуде. Сәтін салып, жоба оң нәтижелілігін көрсете түссе, облыстағы барлық аудан-ауылдарды бір жүйеге біріктіру көзделіп отыр.
– Ол кезде орталықтан бақылаушы маман интерактивті картадан өзі қажет еткен ауданды және онда қойылған камераны таңдай алатын болады. Таңдалған елдімекен бойынша онлайн режимде сол жақтағы көріністі толық көруге мүмкіндік болады. Яғни жүйенің болашағы зор,– деп толықтырды А.Молчанов.
Жоба отандық әзірлеме болғандықтан, бағасы төмен. Әйткенмен, сапасы жоғары деп сендірді компания өкілдері. Өйткені барлық жүйедегі артықшылықтарды жиып, осы жобаға топтастырған. Бейнекамералар да осы компанияның құрастырмасы. Айтуларынша, ол үшін әр түрлі өндірушілердің өнімдерін сынамадан өткізіп, ең жақсысын таңдап, өз камераларына ендірген. Бұл камералар қандай да болмасын ауа райына төзімді. Сондай-ақ компания алдағы үш жыл ішінде қажетті жаңа функцияларды қосып, жобаны жетілдіре түспек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу