СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Бүгін, 19 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық мақсатында тасқын суларды апатсыз өткізуге бағытталған іс-шаралар кешені мәлім етілді. Бұл туралы БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Ихсанов баяндап берді.

Облысымызда 2021 жылғы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайдың алдын алу жоспарын бекітілді. Төтенше жағдай жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізіліп, тасқын суларды апатсыз өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау туралы облыс әкімінің өкімі мүдделі мекемелерге жолданды. Күзгі-қысқы кезеңдегі ТЖ алдын алу жоспарына сәйкес, су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша бастапқы іс-шаралар жүргізілуде. Қар шығару және еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Шығарылған қардың көлемі 461 мың текше метрден астам, сорылған еріген су көлемі – 1150 текше метр. Бұл жұмыс жағасуда.
Облыс аумағында су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатында «Су тасқыны – 2021» айлығы жарияланды. айлық аясында департамент бөлімшелері су тасқыны жағдайы туындағанда іс-әрекеттер туралы жадынамаларды тарата отырып, су тасқыны қауіпті елдімекендерде тұратын халыққа профилактикалық жұмыстарды жүргізеді. Сонымен қатар департамент бөлімшелері еріктілермен бірлесіп, ҰОС және тыл ардагерлеріне аулалар мен іргелес аумақтарды тазалауға көмек көрсетеді.
– Жыл сайын су тасқыны кезеңінде аула аумақтары мен елді мекендердің көшелерін еріген су басу жағдайлары туындайды. Еріген су тасқынының себептерінің бірі-қарды уақтылы жинамау. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 505-бабына сәйкес аумақты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін, оның ішінде қарды уақтылы жинамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бүгінгі күні Орал қаласында аумақты абаттандыру барысында қарды уақтылы жинамау фактілері бойынша 4 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Ихсанов.
Облыс бойынша резервте 1,5 млрд. теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда 443 тонна жанар-жағармай, 88 мың дана қап, 22 мың тонна инертті материал қоры дайындалды. Сондай-ақ қосымша шарт жасау үшін қаржы көзделіп отыр. Атап айтқанда, мұз жару бригадалары үшін 6,820 млн.теңге, аэровизуальді зерттеулер жүргізу үшін тікұшақты тартуға 16,7 млн. теңге және қаптар сатып алу,а 2,895 млн. теңгеге шарттар жасасуға қаражат көзделген.
Көктемгі кезеңдегі Төтенше жағдайды жоюға тартылатын күштер мен құралдардың жалпы тобы 2591 адамды, 734 бірлік техниканы, 45 жүзу құралын және 295 (оның ішінде ТЖД-88) мотопомпаны құрайды. Күштер мен құралдардың дайындығы «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу барысында тексерілетін болады.
Тасқын сулардың өтуі бойынша Ақтөбе, Атырау және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарымен болжамдық және жедел ақпаратпен тұрақты негізде алмасу жүргізілуде.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу