8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Шілде 2021 586 0
Қоғам

СУ ҚОРЫН ҰЛҒАЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

27 шілде күні «Батыс су арнасы» ЖШС-нда облыс басшысы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жиында қалалықтарды сапалы сумен қамту бойынша жоспарланған шаралардың жүзеге асырылуы талқыланды.

«Батыс су арнасы» ЖШС Жайық өзені және жерасты су көздері арқылы қала тұрғындарын тірішілік нәрімен қамтамасыз етіп отыр. Қалалықтар, әсіресе, жаз айларында суды көбірек пайдаланады. Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, максималды жағдайда тәулігіне 70 мың текше метр су қажет.

– Бүгінде тәулігіне қос су көзі арқылы 60 мың текше метр су беріліп отыр. Тұтыну көлемі артқан жағдайда әлі 10 мың текше метрге дейінгі көлемде қажет болады.  Жүргізілген зерделеу соңғы төрт жылда тұтынушылардың 6 пайызға көбейгенін көрсетті. Былтырғы жылы 16 млн. текше метр су тұтындық. Әр ай бойына тұтыну көлемін салыстырғанда ең максималды тұтыну шілде айында тіркелген – 1,8 млн. текше метр су халыққа берілді. Су тұтыну көлемінің артуына  байланысты ауызсуды берудің шектеу шаралары қабылданғаны да жұршылыққа аян. Осыған байланысты кешенді жоспар аясында жерасты су қоры көлемін ұлғайту үшін Трекинде жаңадан алты ұңғыма қазу туралы тапсырма берілді, – деді Абат Шыныбеков.

Кешенді жоспар аясында жерасты су қоры көлемін ұлғайту үшін Трекинде жаңадан алты ұңғыма қазу туралы тапсырма берілген. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қала әкімдігі ЖСҚ дайындап, мемлекеттік сатып алу конкрусын өткізді. Жеңімпаз атанған мердігер «ПМК-117» ЖШС биылғы жылы ұңғымаларды қазу жұмысын бастап, келесі жылға аяқтауды көздеп отыр. Жоба жүзеге асырылған кезде тәулігіне қосымша 9 мың текше метр су тұтынушыларға жеткізіледі деп күтілуде.

Сонымен қатар өткен жылы жерасты су қоры бойынша 18 ұңғыманы қайта бұрғылау басталған болатын. Бүгінгі күні 12-сі бұрғыланды. Нәтижесінде жерасты су қорынан алынатын судың көлемі көбейді. Мәселен, былтыр Деркөл кентіндегі қос шағынаудан халқы Зашаған кенті арқылы сумен қамтамасыз етілсе, биыл тікелей тартылып отыр. Сондай-ақ былтырғы жылдың жазында Зашаған кентіне судың көлемі жетікізілмесе, биыл көбейтілген су көлемі осы кентке берілуде. Бұрғыланған ұңғымаларға қажетті сорғылар, басқару шкафтарын алуға қажетті қаражат бөлінген. Тағы бір мәселе – Зашаған кентінде жаңадан тұрғын үйлердің салынып, тұтынушылардың көбеюіне байланысты Серебряков жерасты су қорын көбейту жолдары қарастырылуда. Бүгінде Серебряковтан келетін су құбыры арқылы Круглоозерный, Серебряков, Меловые горки елдімекендері қамтылуда. Былтырғы жылы бір ұңғыма жөнделсе, биыл екі ұңғыма іске қосылмақ. Осылайша, алынатын су көлемі ұлғаяды.

Бұдан бөлек жиында «Батыс су арнасы» ЖШС басшысы Ә.Аркенов энергияны үнемдеуге және тұтынушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға арналған бағдарламаны таныстырды. Бұл бағдарлама инженерлік құрылымдар мен инженерлік желілердің жұмысын автоматты қашықтан басқару жүйесін енгізу, магистральдық және тарату желілеріндегі гидравликалық режимді реттеу, сумен жабдықтау және су бұрудың инженерлік желілеріне қосылу кезінде ережелер мен ережелердің сақталуын зерттеу шараларын қамтиды.

Жиынды облыс басшысы Ғали Есқалиев қорытындылап, халыққа суды жеткізу басты міндет екенін жеткізді.

– Алдын ала қойылған іс-шаралардың басым бөлігі орындалуда. Қосымша ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары арқылы Зашаған, Деркөл кенттерінде су қысымына қатысты мәселе шешімін табуда. Десек те, қаланың басқа шағынаудандары тұрғындары тарапынан су қысымына қатысты шағымдар бар. Ауа-райы көтерілген жағдайда су тапшылығын болдырмаудың жолдарын қарастыру қажет. Ең бастысы – халыққа суды жеткізу. Тұрғындарымыздың өмір сүру сапасын бақылауда ұстауымыз қажет, – деді Ғали Есқалиев.

Сондай-ақ өңір басшысы цифрландыруға көшу үнем жасауға мүмкіндік беретінін атап, осы орайда қашықтан мәлімет беретін автоматты құрылғыларды орнатуды жалғастыруды тапсырды.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
«БАҚЫТТЫ АНА – БАҚЫТТЫ БАЛА»
25 Қыркүйек 2021
241 0
Дені сау ұлт
ТОП-10 ПОПУЛЯРНЫХ ВОПРОСОВ О МЕДСТРАХОВАНИИ
23 Қыркүйек 2021
1290 0
Өзек
ЖАҢА ТУҒАН СӘБИІН САТҚАН
22 Қыркүйек 2021
410 0
Дені сау ұлт
Кому и сколько платить за ОСМС в 2021 году?
22 Қыркүйек 2021
905 0
Дені сау ұлт
2021 ЖЫЛ: МӘМС ҮШІН КІМ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ
22 Қыркүйек 2021
960 0
Қалалықтар қаперіне
САЛТАНАТТЫ ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУГЕ РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
21 Қыркүйек 2021
759 0
Спорт
ОРАЛДА ЖАҢА СПОРТ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ
19 Қыркүйек 2021
661 0
Қоғам
«САПАЛЫ ӨНІМ – 2021» КӨРМЕСІ ӨТТІ
19 Қыркүйек 2021
635 0
Қоғам
«JAIYQ FILM FEST» МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
18 Қыркүйек 2021
669 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»