СТУДЕНТТЕРГЕ ЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ
«Жастар керуені» жобасы аясында оралдық студенттерге «Ерлік сабағы» өткізілді.

Орал қаласы А.Иманов атындағы жол-көлік колледжінде өткен шараға Орал қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық бөлімшесі бастығы, майор Қуат Ахметқалиев мен «Jas Otan» жастар қанаты жобалар бойынша менеджері Арген Ғұбашев қатысты. Әскерге аттанғалы отырған болашақ сарбаздар да кездесуге арнайы шақырылды.
Басқосуда департаменттің бөлімше басшысы Қуат Оразғалиұлы жер бетінде көптеген түрлі мамандықтардың ішінде әр ер азаматтың паразы болып саналатын Отан қорғау мамандығының артықшылығы туралы атап өтті. Ал болашақ сарбаздар өз ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлық дәстүрлерінің мұрагері мен жалғастырушысы, елдің патриоты ретінде Отанның қорғаны болуды терең түсінетіндерін айтып, замандастарын да Қазақстан әскері қатарын толықтыруға шақырды.
Сондай-ақ студенттер әскерге қатысты сұрақтарын қойып, маманның тұшымды жауабын алды.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу