СТУДЕНТТЕРДІҢ ШӘКІРТАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың бірінші қаңтарынан студенттердің шәкіртақысы 25 пайызға өсетінін мәлімдеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру орындары студенттерінің де шәкіртақысы 25%-ға артатын болады. «Менің тапсырмам бойынша, Үкімет 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта арнаулы білім беретін колледж студенттері шәкіртақысын да 25 пайызға өсіреді», – деді ҚР Президенті.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы қыркүйек айынан бастап жұмысшы мамандықтағы 122 мың білім алушының шәкіртақысы 30%-ға ұлғайтылған. Ал, 2020 жылдың қаңтар айынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге, ал өте жақсы оқитын студенттердің шәкіртақысы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге көтеріледі.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап базалық деңгейде бакалавр дәрежесінде білім алушылардың шәкіртақысы 20 949-дан 26 186 теңгеге, магистратура шәкіртақысы – 53 530-дан 66 913 теңгеге және докторантура шәкіртақысы – 81 998-ден 102 498 теңгеге көтерілмек.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу