STEM ЗЕРТХАНАЛЫҚ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Бүгін Орал қаласындағы Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп базасында Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында STEM кабинеті ашылды. Оған Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков, білім басқармасы басшысының орынбасары З.Ғұмарова, білім саласының қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында биология, география және физика пәндері мұғалімдерінің қатысуымен STEM Smart Panel интерактивті жабдығын күнделікті оқытуда қолдану арқылы ашық сабақ өткізілді.
Жалпы, STEM бағдарламасында жаратылыстану ғылымы, жаңа технологиялар, математика, инженерлік бағытқа басым назар аударылған. Зертханада бір мезетте 15-ке жуық бала сүйікті ісімен айналыса алады. Кабинетте 3д модельдеу аймағы, конструкторлық бюро, тестілеу зонасы сынды роботтарды жасауға арналған орын бар.
Ашық сабақ виртуалды STEM кабинетінде STEM Smart Panel интерактивті жабдығын және мұғалімдерге барлық анатомиялық органдардың құрылымын егжей-тегжейлі талдауға және анимациялармен презентация жасауға мүмкіндік беретін, жоғары сапалы визуалды – интерактивті «Vived science» БҚ-мен өткізілді.
Дәрістен кейін оқушылар сұрақтарға жауап беріп, нысандардың бөліктерін салыстыра отырып, жиналмалы модельдерді қайта жинады.
– Балалар біздің болашағымыз, сондықтан, 21 ғасыр технология заманында оқушылардың зияткерлік машығын дамыту қажет. Алдағы уақытта тағы 15 мектепті STEM кабинетімен қамтамасыз ету көзделіп отыр», – дейді қала әкімі А.Шыныбеков.
Қазіргі уақытта виртуалды STEM кабинетімен Орал қаласының №2,7,10,12 ЖОББМ-тері және А.Тайманов атындағы №34 мектеп гимназиясы жабдықталған.
Үміт Жәңгірова, БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі



Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу