8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Сәуір 2026 2333 0
Спорт

Үстел теннисінен БҚО әкімінің кубогі басталды

17 сәуір «AMANAT» партиясы қолдауымен «Орал» спорт клубында үстел теннисінен Батыс Қазақстан облысы әкімі кубогінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Аталған жарыс өңірде спорттың бұқаралық түрлерін кеңінен дамытуға, тұрғындарды белсенді өмір салтына баулуға және жас спортшылардың үстел теннисіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Салтанатты шараға БҚО үстел теннисі федерациясының президенті, облыстық мәслихат төрағасы М. Мұқаев, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б. Сәбитов, БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы әрі каратэ федерациясының президенті Ә. Қадырбеков, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А. Исанов, облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры О. Гилымов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Биыл жарысқа 25 команда қатысуда. Бұл көрсеткіш өңір тұрғындары арасында үстел теннисіне деген қызығушылықтың артып, спорттың осы түрінің дамып келе жатқанын байқатады.

– Спорт – бұл тек жарыс емес, ол – тәртіп, табандылық және жеңіске деген ұмтылыс. Осындай жарыстар жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, олардың үлкен спорттағы алғашқы қадамдарына жол ашады,– деді облыстық федерация төрағасы.

Аталған дода алдағы күндері өз жалғасын тауып, үздік командалар мен спортшылар анықталады.

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
101 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
197 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
181 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
404 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»