СТАЛИНГРАД ШАЙҚАСЫНДАҒЫ ЖЕҢІСКЕ 77 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ М.МӘМЕТОВА МУЗЕЙІНДЕ ЕРЛІК ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА ӨТТІ
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі басты шайқастардың бірі Сталинград шайқасындағы Жеңіске биыл – 77 жыл. 200 күнге созылған кескілескен ұрыста Кеңес әскерлері батылдық танытты. Еділ жағалауындағы осы шайқасқа қатысқан батырларды ұлықтау мақсатында М.Мәметова атындағы мемориалдық музейде ерлік сабағы ұйымдастырылып, Сталинград шайқасында болған жерлестеріміздің құжаттары қойылған көрме ашылды. Тағылымды шараға майдангерлер мен еңбек ардагерлері арнайы шақырылды.

Ардагерлердің екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларының қаһармандық ерліктері туралы әңгімелерін осы шараға қатысқан Әскери-техникалық мектептің ұландары тебіреніспен тыңдады. Ұлы Отан соғысы ардагері Хамза Сафин Оралда құрылған 152-ші атқыштар бригадасының даңқты жолы туралы сөз қозғаса, майдангер Вениамин Сколенко Кеңес әскерлері достықтың, ұйымшылдықтың арқасында жеңіске қол жеткізгенін атады. Жауынгерлермен қатар майданға үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетуге шақырды. Ал Григорий Шишонков соғысқа түскен жылдарын еске алды. Бүгінде облыста Сталинград шайқасына қатысқан 11 жерлесіміз бар. Солардың бірі ретінде 62-әскер құрамында Сталинградты қорғауға қатысқан А.Митрохина, соғыс басталған жылдардан бастап Жеңіске жеткен күнге дейін майдан жолын өткерген Иван Гапичтің есімдерін атап өтуіміз керек.
– Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған барлық әскери құрамалар мен бөлімдердің үштен біріне жуығы қатысты. Осы шайқас кезінде Батыс Қазақстан өңірі майдан тылы болды. Эшелондар жасақталып, Оралдан Сталинградқа қару, оқ-дәрілер, дәрі-дәрмектер жөнелтілді. Бүгінде Сталинград шайқасына қатысып, Кеңес Одағы батыры атанған жерлестеріміздің есімдерін мақтанышпен айтамыз. Олар – Н.Чуриков, А.Құсайынов. Батысқазақстандықтар осы ұрыста қаза тапқан отандастарымызды зор құрметпен еске алып, ерліктеріне тағзым етеді, – дейді М.Мәметова музейінің директоры Светлана Бектенова.

Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу