8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Шілде 2021 2261 0
Қоғам

СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢДАРЫ – ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ

Елорда күнінде  Орал қаласында үш бірдей спорттық және  балалар ойын алаңы қолданысқа берілген еді. Жақын күндері тағы бес ауладағы спорттық және балалар ойын алаңы пайдалануға берілмек. Соның  бірі – Құрманғазы көшесі  бойындағы көпқабатты үйлер ауласынан салынып жатқан алаң.

Қазіргі уақытта бұл спорттық және ойын алаңының құрылыс жұмыстары тәмамдала келген. Мердігерлер ойын жабдықтарын орнатуда. Одан соң ересектерге арналған жаттығу құрылымдары да жеткізілмек.

– Бұл нысан құрылысының сметалық құны – 48,720 млн. теңге. Жобада шағын футбол алаңы, ойын және жаттығу қондырғыларын орнату, жарықтандыру, көгалдандыру қаралды. Мердігер тапсырысқа сай құрылыс жұмыстарына 100 пайыз отандық өнімдерді қолдануда. Оның ішінде балаларға арналған ойын құрылымдары жергілікті «ГласСервис» ЖШС-ының өнімдері, – деді қалалық құрылыс бөлімінің маманы Бейбіт Кәшім.

Аталған мекенжайдағы нысанның жалпы аумағы 1877 шаршы метр. 419 шаршы метр аумаққа жол төселген. Жасанды көгалмен жабылған шағын футбол алаңы 1008 шаршы метр.

Айта кетейік, биыл қалада заманауи үлгідегі 20 спорттық және ойын алаңын салу жоспарланған болатын. Оған бюджеттен 500 млн. теңге қаржы бағытталды. Бұл алаңдардың құрылыс жұмыстарын жергілікті тәжірибелі мердігер компания «Жайық Сити» ЖШС жүргізуде. Жоспарланған алаңдардың бұған дейін алтауы тұрғындар игілігіне пайдалануға беріліп үлгерді. Жыл соңына дейін қалған 14 нысанның құрылысы жалғасады.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
53 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
144 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
199 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
262 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
295 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
340 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»