8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Наурыз 2021 1748 0
Қоғам

СПОРТ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТ-КОЛЛЕДЖДІҢ НӘЗІКЖАНДЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты кеш өтіп, ұжымдағы ұстаз-аналарға, әріптес ару-әйелдерге ерекше құрмет көрсетілді.

Карантин талаптарына сәйкес өткен шағын концерттік бағдарлама мұғалімдер мен әкімшілік-шаруашылық бөлімдері бойынша жеке-жеке аталып өтті.

Мектеп-интернат-колледж директоры Қ.Б.Жанғалиев спорт пен білім, тәрбие беру ісін шебер ұштастырып келе жатқан ұжымдағы ұлағатты ұстаздар мен нәзікжанды қызметкерлерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, отбасыларына бақ-береке, дендеріне саулық, шығармашылықтарына толайым табыс тіледі.

Ұжымдағы әріптес ұстаздар мен тәрбиешілерді, қызметкерлерді құттықтауға БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Нығметуллин, Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан Е.Жалмұрзин арнайы келіп, алғыс хаттармен марапаттады.

Мектеп-интернат-колледждің оқушылары дайындаған әсем әндері көрермен ұстаздарға шуақ сыйлап, керемет әсерге бөледі.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
98 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
158 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
220 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
257 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
302 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»