СМАРТФОННАН КЕЛЕТІН ҚАУІП: сарапшылар қалай қорғануды айтты
Сарапшылар смартфон не себепті жарылуы мүмкін екенін және қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін айтты.
«Ата-аналарға балаларының ұялы телефонын дұрыс пайдалануын бақылып, жіті қадағалауды ұсынамын. Өндірушінің құрылғыны пайдалану нұсқаулығымен танысып, ондағы ережені қатаң ұстануды сұраймын. Балаларыңызға ұялы телефон электр қуаты көзіне қосулы болған кезде оны қолдануға және телефонды түні бойы қуаттауға тыйым салуларыңыз қажет», – деді ол.
Мәселен, қазақстандық белгілі техноблогер Максим Якименко тас-талқан болып жарылудың себебі аккумулятор батареясының жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты екенін айтты.
«Егер телефон жарылып кетсе, онда бұл тек аккумулятор батареясынан шыққан кілтипан. Сол батареяның өзінде немесе аналық платадағы контроллердің ақауы болуы мүмкін. Егер де контроллердің бірі батареяға электр тоғының көп мөлшерін бірден жіберетін болса, ол істен шығып жарылып кетуі мүмкін. Литий-иондық аккумуляторлардың құрылымы химиялық қоспа болып саналады және оларда иондар жиналады. Ал, іс жүзінде, литий онда өте аз. Алматы облысында кішкентай қызға қатысты жазатайым оқиға жөнінде айтатын болсақ, бұл – өндірістік ақау немесе телефон өте ескі болған», – деп пайымдады техноблогер Максим Якименко.
Сондай-ақ, техноблоггер құрылғыны зарядтау барысында телефонның тысқабын алып тастауға кеңес берді.
«Зарядталу кезінде чехолдарды, яғни тысқабын қолданбаған абзал, себебі ол оның қызып кетуіне алып келеді. Әртүрлі чехолдар болады, фирмалық болса – онда өндірушілер оның қызып кетпеуін қамтамасыз етеді. Арнайы тестілеулер өткізеді. Әлбетте, егер тысқабы атауы жоқ «ноунэйм» болған жағдайда, оған тексеру жүргізілмеуі ықтимал. Мұндай жағдайда, құрылғы қызып кетіп, артынша жарылып кетеді», – деп мәлімдеді техноблогер.
Максим Якименко телефонды түні бойы қуаттауға қоюға болады деп санайды. Бастысы – қарапайым ережелерді сақтау қажет.
«Сіз оны түнде қуаттай аласыз, бірақ оны жастықтың астына қоюға, көрпе немесе басқа заттармен жауып тастауға болмайды. Түні бойы қуаттауға болады. Өндірушілер де бәрін жан-жақты қарастырған кәсіби мамандар. Өнімді жасау кезінде кез келген адамның жұмыстан кейін үйіне келіп, смартфонды түнде қуат көзінде қалдыра алатындай етіп қарастырылған. Бұл қалыпты тәжірибе», – деді сарапшы.
Қорытындылай келе, маман кез келген батарея аккумуляторы жарылып кетуі мүмкін екенін, сондықтан смартфондарға ғана емес, басқа да тұрмыстық гаджеттерге қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау керек екенін еске салды.
«Аккумулятор батареясы бар кез келген нәрсе жарылып кетуі мүмкін. Мысалы, ноутбук», – деп түйіндеді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйекте Қаратал ауданы Бастөбе ауылында 14 жастағы мектеп оқушысы түнде ұялы телефонымен бірге ұйықтап қалған кезінде смартфон жарылып кеткен. Баланың өлімі жазатайым оқиға ретінде тіркелді. Қазір тергеу істері жүргізіліп, оқыс оқиғаның себептері анықталуда.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу