ӘСКЕРИЛЕР СЫНАҚ ТАПСЫРДЫ
Оралда №5517 әскери бөлімінің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы қорытынды тексерісті тапсырды. Оған лауазымы мен әскери атағына қарамастан бөлімнің барлық әскери қызметшілері қатысты. Сынақты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысының орынбасары – полковник Павел Ситниковтың басшылық етуімен арнайы құрылған комиссия қабылдады.
Қорытынды тексерудің мақсаты – әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының нақты жай-күйін, жеке құрамның даярлық деңгейін айқындау, сондай-ақ командирлерге күнделікті және жауынгерлік оқу-жаттығу қызметін ұйымдастыру жұмыстарының түрлерін, әдістерін жетілдіруде іс жүзінде қолдау көрсету.
Кестеге сәйкес әскери қызметшілер саптық, мемлекеттік-құқықтық, кәсіптік, арнайы, дене шынықтыру және атыс даярлықтары бойынша сынақтарды тапсырды. Сонымен қатар олар жалпы әскери жарғылар мен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөніндегі нормативтер туралы өз білімдерін көрсетті.
Әсіресе, ұландықтар 100 метрге және 1,3 мың километрге жүгіру және жас ерекшеліктеріне қарай белтемірге тартылды. Әскери қызметшілердің ерік – жігері және үнемі дене шынықтырумен айналысудың арқасында әскери бөлім жеке құрамы барлық жаттығу түрлерінен жақсы деген баға алды. Комиссия мүшесі майор Бақтияр әскери бөлімнің дене дайындығына, жеке құрамның талпынысына ризашылығын жасырмады.
-Бүгінгі тексеріс негізінен әскери қызметшілердің әскери дайындығын бағамдауға бағытталған. Жауынгерліқ дайындық деп отырғанымыз, олардың сыртқы түр-келбеті, киімі, жабдықталуы, барлық қажетті құжаттарының болуы және біліктілігі мен білімі өз деңгейінде екеніне көз жеткізу. Батыр Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды!» деген болатын. Сондықтан, әскердің темірдей тәртібіне бағына отырып, білімімен, білігімен, дене тәрбиесі дайындығымен, мергендігімен ерекшеленген жауынгерлер де «өте жақсы» және «жақсы» деген бағаларға қолжеткізді, – деді 5517 әскери бөлімнің командирі подполковник Сағындық Алқайдаров.
«Батыс» өңірлік қолбасшысының орынбасары, полковник Павел Ситниковтің айтуынша, барлық әскери қызметкерлер жоғары шеберліктерін көрсетіп, сынақты жақсы тапсырды.
Қорытынды тексеру жыл сайын оқу жылының соңында барлық әскери бөлімдерде өткізілетінін және әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік тапсырмаларды орындауға дайындығын көрсететін білім деңгейін бақылау бөлігі болып табылатынын айта кеткен жөн.
капитан Ертуған Әубакир,
Орал.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу