ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
№2029 Әскери бөлімінде кезекті жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының маманы А.Мұқанованың айтуынша, оқу-жаттығудың мақсаты – адамдар көп жиналатын нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің нысан әкімшілігі мен қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау, эвакуациялау жоспарына сәйкес адамдарды ғимараттан шығаруды ұйымдастыру мақсатын көздейді.

Оқу-жаттығудың дайындығы бойынша Әскери бөлімінің екінші қабатында қысқа тұйықталу нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын заңгердің бөлмесінде өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 40-қа жуық адам шығарылды. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына шығу ауданы нысаны орналасқан бірінші бөлімше келіп, зардап шеккендерді құтқаруға кірісті.№5 және 6 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері 8 зардап шегушіні өрттен шығарды.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға 6 негізгі, 2 арнайы техника бірлігі, 1 жол полиция экипажы, 1 аппатар медицина орталығы және 2 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.
Оқу-жаттығу барысында нысан күзеті мен өрт сөндіру қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу көзделген міндеттеріне және мақсатына жетті.


Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу