Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА: «ҚАРАТӨБЕНІҢ ҚАСИЕТІНЕН ҚОРҚАМЫН»
«Үйреттің тік жүруді шашақтанбай,
Баққа да, бақытқа да масаттанбай.
Туған жер мен өзіңнен қуат алам
Болдырған атқа құйрық асатқандай».
Осылай деп жыр жазып, киелі Қаратөбесі десе жүрегін жұлып беруге дайын, Шоқан ағама қайнатып қою күрең шәйін, ақыл-кеңесін беретін елге әрдайым, өнердің түсінетін салмағын, шуаққа бөлейтін жан-жағын Шолпан Қыдырниязова анамыз, әжеміз, жеңгеміз, әпкеміз, ақынымыз мерейлі 70 жасқа жарқырап жетіп отыр. Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы», дәстүрлі айтыс өнерінің ақберені Шолпан Батырқызына желпініп жеткен жетпістің Сізге сыйлар жетістігі көп болсын дей келіп, арамызда өрбіген сыр-сұқбатты оқырман қауыммен бөлісуге асыққан едік.

– Шолпан Батырқызы, бәрімізді жаратқан бір Алла ғой. Дегенмен, қоғамда қарапайым әйелден өнердегі әйелдің айырмашылығы неде деп ойлайсыз? Көпшіліктің арасында Сізді өзгелерден қандай ерекшелік бөліп тұрады?
– Анамнан алған тәлім-тәрбиемді үнемі жадыма ұстап,өмірімнің өзегіне айналдырып өскен адаммын. Анам «Ерді еңбекке, әйелді бейнетке жаратқан» деп үнемі айтып отыратын. Әйел дұрыс болса, азаматтар да дұрыс болады дейтін. Жалпы, өнердегі қыз-келіншектер мен қоғамдағы әйелдерді салыс-тырмалы түрде қарайтын болсақ, табиғи таланты, ақыл-ой парасат иесі, мәдениетті, өзіндік көзқарасы мен ұстанымы бар өнер жолында жүрген әйелдің жүгі екі есе ауырлау болады, кейде біз осыны түсінбей жатамыз. Мектеп бітірген жылы әкемнің аурулығына және өзімнен үлкен ағамның институттың төртінші курсында оқуына байланысты замандастарым Орал қаласына оқуға кеткенде екі көзім жәудіреп анама қолқанат болу үшін ауылда қалып қойдым. Еңбек жолымды аудандық «Еңбек туы» газетінде тілшіліктен бастадым. Газетте жұмыс жасай жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігі, еңбеккерлер жайлы мақалалар жаздым,адамдармен жұмыс жасаудың әліппесін үйрендім, алғаш айтысқа қатыстым, қалам мен домбыраны қатар ұстадым. Өзгеден бөліп тұратын ерекшелік осы болар.

– Иә, келін болып босаға аттадыңыз. Бөпелеріңіз де кішкентай болды. Өнер мен отбасын қатар ұстап жүру үшін кімге арқа сүйедіңіз?
– Ең алғаш рет 17 жасымда ауданда өткен ақындар айтысына қатыстым. 1967 жылы оқуға түстім. Жалпы менің өмір жолым соңымнан ерген иә алдымда жүрген өнердегі қыз-келіншектерге қарағанда сәтті болды. Бәлендей қиындық көрген жоқпын. Бұл Алланың берген сыйы деп бағалаймын. Себебі мені анам әрқашанда өзімнің орнымды білуге, сыйласқанды сыйлауға, азаматты қадірлеуге, асығыс шешім алмауға, сабырлылыққа, төзімділікке тәрбиеледі….
Сұқбатты толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 18 сәуір күнгі №15 санынан оқи аласыздар.
Сұқбаттасқан Мира ШҮЙІНШӘЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды
Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясының губернаторы Ван Синьвэймен кездесті
«Таза Қазақстан»: Астанада бір топ жас экологиялық акция өткізді

Кіру
Пікір үстеу