ҮШІНШІ ОҚУ ТОҚСАНЫ БАСТАЛҒАЛЫ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ 48 ОҚУШЫ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН
Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді.

БҚО-да 1 қаңтардан бастап коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 925 жағдайы тіркелді. Кәсіби құрам бойынша ауырғандардың ішінде жұмыс істейтіндер көп. Сондай-ақ зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер, студенттер мен оқушылар бар.
– Оқу жылының басынан оқушылар арасында covid-19 зертханалық расталған 263 жағдай тіркелді, оның ішінде 131– і күндізгі режимде, 132-і қашықтан оқитындар. 3 тоқсанда, яғни 11 қаңтардан бастап оқушылар арасында covid-19-бен 48 жағдай тіркелді. Олардың 16-сы онлайн оқитындар, 33-і күндізгі режимде білім алушылар. Қала мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 15 мектептегі 15 сынып карантинге жабылды. Оқушылар мен ұстаздарға үйде оқшаулану ұсынылды, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Айта кетейік, пандемия басталған кезеңнен Батыс Қазақстан облысында covid-19-бен зертханалық расталған 10 146 жағдай тіркелді, бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 1544,6-ны құрады. 183 өлім жағдайы тіркелді.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу