8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қараша 2019 1746 0
Өзек

ШЕТЕЛДІК ЖОЛАУШЫЛАР ЖОЛДА ҚАЛДЫ

«Самара-Шымкент» автотрассасымен келе жатқан «Vanhool» маркалы жолаушылар автобусы Сырым ауданының тұсында сынып, 23 жолаушы жолда қалған. 

БҚО төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабарлауынша, бүгін, 22 қараша күні таңғы сағат 7.06-да БҚО ТЖД және жергілікті атқарушы орган өкілдері жолда қалған шетелдік 23 жолаушыны эвакуациялап,  «Қазавтожол» АҚ №39 ДЭУ базасындағы жылыту пунктіне орналастырған. Олардың 21-і өзбекстандық, екеуі – Тәжікстанның азаматтары екен. Зардап шеккендер жоқ.

Автобустың әуе компрессорының бұзылғаны анықталды. Ақау жойылып, жолаушылар сапарларын жалғастырып кеткен.

Құтқарылғандар қатарында болған Тәжікстан Республикасының азаматы Шокир Хужамалиев пен Өзбекстан Республикасының азаматы Юсуфбек Косимов  ТЖ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне жедел көмектері үшін шынайы алғысын білдірді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
102 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
161 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
225 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
260 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»