«ШАҢЫРАҚТАҒЫ» ЖАҢА ЖЫЛ
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері жаңа жылды ерекше көңіл-күймен қарсы алды. Қалалық мәслихат депутаты Ләззат Рысбекова, «МеталИнвестАтырау» ЖШС директоры Игорь Ишкулов, «Сібір денсаулығы Астана» ЖШС басшысы Абай Кулгатов бүлдіршіндерді доңыз жылымен құттықтап, мерекелік сый-сияпаттарын әкелді.


Бұл күні балалардың қуанышында шек болмады. Бүлдіршіндерге Аяз ата мен ақшақар, ертегі кейіпкерлері, сайқымазақ қонаққа келіп, балалармен бірге шыршаны айналып, ән айтып, би биледі, түрлі ойындар ойнатты.
«Шаңырақ» жасөспірімдер үйінің директоры Өмірбай Қалымбетов – 18 жыл ғұмырын жетім балалар тәрбиесіне арнапты. Аталмыш кешен тек 18-23 жасқа дейінгі жастарға ғана арналған. Әйткенмен, мұндағы тағдыр теперішін көрген жандар орда бұзар отызында да осы интернатты паналап отыр. Араларында үйлі-баранды болғандары да бар. – Бүгінгі таңда мұнда 118 балалар үйінің түлектері тұрып жатыр. Оның 35-і отбасын құрғандар, 15-і жалғызбасты аналар. 66-ы кішкентай бүлдіршін болса, 37-сі іргедегі №4 орта мектепте білім алып жүр, бесеуі балабақшада. Бір қуанарлығы, жақында Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыс әкімі Алтай Көлгінов «Шаңырақтың» 40 түлегіне жаңа пәтердің кілтін табыстады, – дейді Өмірбай Рыспайұлы.
Бұдан бөлек демеушілер балаларды ойын-сауық орталықтарына шырша тойына шақырды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу