ШАҺАР ТАЗАЛЫҒЫ ҒАРЫШТАН ҚАДАҒАЛАНАДЫ
БҚО бойынша экология департаменті космостық мониторинг жүргізіп, облыс аумағындағы заңсыз қалдықтар тасталған 400 орынды анықтаған болатын. Күні бүгінде соның 96-сы тазаланған. Бүгін қалалық әкімдік арнайы техника бөліп, Зашаған кентіне қарасты «Балауса» шағынауданындағы алты жерде шоғырланған қоқыс қалдықтары тазаланды.

– Осы мақсатта ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш сапары» ұлттық компаниясы келісімшартқа тұрып, қазір заңсыз жиналған тұрмыстық қатты қалдықтарды әуеден ғарыш арқылы анықтауға кірісіп кетті. Облысымызда қаладан 50 шақырым радиусте 400-дей заңсыз төгілген қоқыс орындары табылды. Қазіргі таңда қоқыстарды тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта шаһар аумағындағы қоқыстарды тазалауға жергілікті бюджеттен үш млн. теңге қаражат қарастырылды. Зашаған кентінің шетінде алты жерде қоқыс үйінділері бар. Бұрын жер-жерге, орман-тоғайға қоқыс төге беретін едік. Бұл біздің мәдениетсіздігімізді көрсетеді. Қалдықтардың көбісі, құрылыс қалдықтары. Сондықтан, тұрғындар ойланса екен. Болашақта қала тазалығы ғарыштан қадағаланып, бейнетаспаға, картаға түсіріліп отырады. Жаңадан төгілген қалдықтар туралы ғарыштан хабар беріліп, қадағалаушы органдар дереу сол жерге барып, жауапты тұлғаларға айыппұл салынуы мүмкін. Сол себепті әр адам үйінен шыққан түрлі тұрмыстық қалдықтарды іріктеп, полигонға өткізсе, экологияны ластамауға үлес тигізген болар еді. Полигонда қалдықтар сұрыпталады. Жақында мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес облыстық бюджеттен 62 млн. теңге қаражат бөлінді. Ұтып шыққан кәсіпорын қаладағы полигондағы қалдықтарды реттеп, пайдаға жарату мәселесімен айналысады, – деген облыстық Табиғи ресурстар басқармасы басшысының орынбасары Махамбет Ихсанғали өңір тұрғындарын ортақ Отанымызды таза ұстауға шақырды.
Бүгінде жергілікті атқарушы органдар қалдықтар заңсыз лақтырылған 96 орынды, яғни жалпы заңсыз қоқыс жиналған жердің 25 пайызын кәдеге жаратқан.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу