ШАҺАР БАСШЫСЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН СЕНБІЛІККЕ ШАҚЫРДЫ
Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарын 24 тамыз күні өтетін сенбілікке шақырды.

«Ауылына қарап – азаматын таны» дегендей, қаламыздың тазалығы ең бірінші өзімізден басталады. Себебі, тазалық – адамның рухани, мәдени жетілуінің деңгейі, кісілігі мен тәрбиесінің маңызды көрсеткіші. Сүйікті Орал шаһары – Қазақстанның жасыл, экологиялық таза қаласы мәртебесіне ие қалаларының бірі. Қала аумағындағы өзен-суларды, жайқалған жасыл желектерді сол қалпында таза ұстау ең алдымен өзімізге қажет. Осы орайда республикалық «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында қаламыздың барлық тұрғындарын 24 тамыз күні өтетін қаламыздың тазалық жұмыстарына белсенді қатысуға шақырамын» деп жазды Абат Шыныбеков facebook әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы күнгі жоспарланған шаралар аясында Орал қаласының барлық шағынаудандарында, қала маңындағы елді мекендерінде тазалық жұмыстар атқарылмақ. Мақсат – ең алдымен қала көшелерін, аулаларды, демалыс саябақтарын, балалар алаңы мен аулаларды тазарту.
«Баршаңызға белгілі, тамыз айының аяғында ҚР Конституция күнін тойласақ, 1 қыркүйек күні балаларымыз жаңа оқу жылын бастайтын болады. Сонымен қатар қыркүйек айының басынан бастап көптен күткен «Қала күні» мерекесі аталып өтіледі. Осы мерекелерге қаламыз сақадай сай болып, келген қонақтарды қарсы алуға дайын болу керек деп есептеймін. Қала – біздің ортақ үйіміз! Сол себепті, жеке меншік сектордың тұрғындарын, бизнес нысандарын, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары, оқу орындары, ПИК қызметкерлер және қала жастары айтулы шарадан тыс қалмайды деп сенемін» делінген қала басшысының жазбасында.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу