ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТ ЖОСПАРЛАНДЫ
Бүгін Орал қалалық мәслихатының 39-кезекті сессиясында алдағы үш жылға арналған бюджет бекітілді. Яғни, қала бюджеті 2020 жылға – 63 388 148 мың теңгеге, 2021 жылға – 31 096 390 мың теңгеге, 2022 жылға – 32 113 951 мың теңгеге жоспарланып отыр. Сессия жұмысына қала әкімі Абат Шыныбеков, ардагерлер, құрылымдық бөлімше басшылары мен депутаттар қатысты.
Шаһардың 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альмира Төлегенова мәлімдеді. Бөлім басшысының сөзіне сүйенсек, 2020 жылға қала бюджеті 63 388,2 млн.теңгеге жоспарланған. Республикалық бюджет трансферттері есебінен мектепке дейінгі және мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға және біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 5 488,8 млн.теңге, ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдык айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге мәдениет ұйымдарының қызметкерлеріне – 127,9 млн.теңге және әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлеріне – 58,6 млн.теңге қаражат көзделген. Орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге 771,2 млн.теңге бөлінген. Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы түрлі іс-шараларға жалпы сомасы 1 177,9 млн.теңге бағытталған, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға – 168,9 млн.теңге, атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге – 592,2 млн. теңге және мүгедектерді қолдау бойынша іс-шараларға – 228,3 млн.теңге, сонымен қатар балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакетке – 112,1 млн.теңге қарастырылған.
Бұдан басқа, Зачаганск кентінде және қаланың Солтүстік-шығыс бөлігінде тұрғын үйлердің құрылысына және инженерлік желілерді жүргізуге жалпы сомасы 4 334,9 млн.теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде Круглоозерное кентінде сумен жабдықтау құрылысына 527,6 млн.теңге және солтүстік-шығыс бөлігінде инженерлік желілердің құрылысына 898,0 млн.теңге бағытталды. Зачаганск кентіндегі Көшім көшесін қайта құруға 248,5 млн.теңге қаражат қарастырылған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Зачаганск кентіндегі 616,4 млн.теңге сомасына қазандықты және 218,4 млн.теңге сомасына КСС-29-дан КТС-на дейінгі қысымды кәріз коллекторын қайта жаңарту жоспарлануда.
Облыстық бюджет қаражатының негізгі көлемі жаңа жобаларды іске асыруға және басталған жобаларды аяқтауға бағытталып отыр. Зачаганск кентіндегі тоғыз көшені қайта жаңарту және күрделі жөндеу (Балауса және Сарытау шағын аудандарындағы жолдарды, қаланың орталық бөлігіндегі бес көшені, Жамбыл көшесі мен қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Светлая көшесіндегі жұмыстарды аяқтау), 10 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына (Зачаганск кентінде 5, қаланың солтүстік – шығыс бөлігінде 5 үй), Зачаганск кентіндегі №26 және 27 орындарға және Саратов трассасында орналасқан 9 тұрғын үйге инженерлік желілер салу, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде кварталішілік өтпе жолдарды салу, «Ақжайық» шағын ауданында электрмен жабдықтау және Ветелки кентін сумен жабдықтау алдағы жылдың еншісіндегі жұмыстар. 22 спорт алаңының құрылысы және Деповская көшесіндегі жаңадан салынған үйлердің аула аумақтарын абаттандыру көзделіп отыр. Сондай-ақ алдағы жылы Зачаганск кентіндегі тұрғын үй кешендерінің және «Ақжайық» шағын ауданындағы екі квартал тұрғын үй құрылысына ЖСҚ әзірлеу жоспарда тұр.
Қалалық бюджет қаражаты есебінен 296 млн.теңге сомасына 10 аула аумағын абаттандыру жоспарлануда. Әбілхайыр хан даңғылы мен Датов көшесіндегі жасыл желекжолды абаттандыруды жүргізуге – 154 млн. теңге, сондай-ақ Жеңіс алаңы мен Абай алаңдарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 93,1 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылуда. Келесі жылдан бастап жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына – 140 млн.теңге қаражат бөлу жоспарлануда. Бұл жиектастарды, субұрқақтарды, сондай-ақ тұрғын үй аулаларын ағымдағы жөндеу жұмыстары. Қала көшелерін жарықтандыру аясында жалпы сомасы 300 млн.теңгеге төрт жобаны іске асыру қарастырылған, оның ішінде «Астана» және «Жаңа Орда» шағын аудандарындағы үш көшені жарықтандыру бар. Жалпы қала бюджеті әлеуметтік салаға бағытталған, 51 пайызы білім беру, әлеуметтік қорғау, спорт және мәдениет салаларына (32 181,6 млн.теңге) жұмсалмақ.
Сол секілді сессия отырысында Зашаған, Крулоозерный кенттері мен Желаев селолық округінің алдағы үш жылдық бюджеттері бекітілді. Айта кету керек, 2020-2022 жылдарға арналған кенттердің, селолық округтің бюджеттері сол деңгейдегі қоғамдық кеңестерде, қалалық қоғамдық кеңесімен мақұлданып, қалалық және мәслихаттың бюджеттік комиссия отырыстарында қаралған.



Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу