8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2020 1579 0
Қоғам

СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫС 46, 46/1-ҮЙЛЕРДІҢ АУЛАСЫ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНЕДІ

Қаладағы Солтүстік-шығыс 46, 46/1-үйлердің ауласын абаттантандыру жұмыстарын «Айдана» ЖШС бүгін ғана қолға алыпты. Қазір мұнда балалар ойын, спорт алаңқайларын, аулаішілік жолдар салу жоспарланған. Кеше қала әкімі Абат Шыныбеков аталмыш мекенжайдағы құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, тұрғындармен жүздесті. 

Серіктестік басшысы Аветик Амирханян биыл қаладағы 12 аула аумағын абаттандыруды жоспарлап отырған көрінеді. Әзірге, төрт аулада жұмыстар басталған.  Қазір қос үйдің ауласында аула жолын кеңейту және балалар ойын алаңшасының орнын дайындау жұмыстары қарқын алған. Мұнда бұрын балғындар ойнайтын алаңша болмаған. Оны сұрап талай табалдырықты тоздырған тұрғындар биыл талап тілектерінің орындалғанына қуанышты. Аула абаттандырылып, заманауи ойын элементтері мен орындықтар, қоқыс тастайтын құтылар орнатылмақ. Сондай-ақ автотұрақтар орнын салу, жарықтандыру жоспарланған. Аула тұрғыны Балғазы Мирасбектің айтуынша, орындықтарды есіктің алдына емес, қашыққа салған жөн. Бұл орайда мердігер құрылыс жұмыстарын тұрғындардың пікірімен санасып, келісе отырып жасайтынын жеткізді. Ал қала әкімі Абат Абайұлы ауладағы құлағалы тұрған ескі ағаштарды кесу бойынша тапсырмалар берді.

 

   

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
98 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
151 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
339 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
331 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»