СЕПТИК ҮШІН АҚШАНЫ ҚАЛАЙ ТӨЛЕУ КЕРЕК?

- Кәріз көлемін есептеу үшін нормативті құжат:
ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша Агенттігінің 26.09.2011 жылғы №354 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне» сәйкес: елді мекеннің суды бұру жүйесіне тікелей қосылмаған суды тұрмыстық қолдану үшін пайдаланатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы автокөліктің және елді мекеннің суды бұру жүйесіндегі төгу пунктіне (стансасына) құю қызметтерін пайдаланатын тұтынушылардың ұсынылған суды бұру қызметтерінің көлемі.
Елді мекеннің суды бұру жүйесіндегі төгу пунктіне қабылданған ағынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылығының көлемі бойынша анықталады.
- Ағынды сулар қайда қабылданады және қайда төгіледі?
Тұтынушылардан ағынды суларды қабылдау үшін келесі мекенжайлар бойынша орналасқан екі төгу стансасы қызмет етеді:
- Черняховского – Исатай Батыр көшесі;
- Зачаганск кентіндегі 17-КСС.
Ағынды суларды төгу стансасына қабылдау қатаң талондар бойынша жүзеге асырылады.
- «Талон» дегеніміз не?
- талон – төгу стансасына рұқсат қағаз болып табылады;
- септиктен тартып шығарғаннан кейін, тұтынушы талонды ағынды суларды төгу стансасына жеткізу үшін арнайы автокөліктің жүргізушісіне береді;
- әрбір тұтынушы бойынша ағынды сулардың нақты көлемі төгу стансасында қабылданған талондар негізінде анықталады.
- Талондарды қайдан алуға болады?
- талондарды кәсіпорынның барлық кассаларынан алуға болады;
- тұтынушы септиктен тартылуға жататын ағынды сулардың көлемі үшін ғана төлеп, осы көлемге талон алады;
- талондарды сонымен қатар өз учаскеңіздің бақылаушысынан алуыңызға болады, бұл жағдайда кәріз үшін сома тұтынушының дербес шотында өтелетін борыш есебіне қосылады.
- Есептеу қалай жүргізіледі?
- тұтынушы септиктен тартылуға жататын ағынды сулардың көлемі үшін ғана төлейді және осы көлемге талон алады;
- дербес шоты көрсетілген талон төгу стансасында қабылданады;
- әрбір тұтынушы бойынша ағынды сулардың нақты көлемі төгу стансасында қабылданған талондар негізінде анықталады және дербес шотта көрсетіледі.
- Жақын елді мекендерде талондарды қайдан алуға болады:
- Деркул к. талондарды әр сенбі сайын сағ. 9-00-ден сағ.13-00-ге дейін әкімдік ғимаратынан алуға болады;
- Деркул к. 2-ТЖЖ талондарды бақылаушы Г.А.Сапышевадан алуға болады, телефон 87058177442;
- Мичурино а. суды су мұнарасынан пайдаланатын тұтынушылар талондарды «Батыс су арнасы» ЖШС тарифтерімен бақылаушы М.Ташпеновадан алуға болады, телефон 87016534104;
- Мичурино а. қалалық су құбырын пайдаланатын тұтынушылар бақылаушы У.А.Бахтигалиевадан алуға болады, телефон 87477247419;
- Круглоозерное а. «Пирамида» және «Пирамида next» дүкендерінен «Батыс су арнасы» ЖШС тарифтерімен алуға болады.
- Шектеулер
- төгу стансасына құрамында теріс зардаптарға әкелуі мүмкін, суды бұру жүйелерінің жұмыс қабілеттілігіне қатер төндіретін, қызмет көрсететін персоналдың денсаулығына зиян келтіру үшін жағдай туғызатын заттары бар ағынды сулар қабылданбайды.
Н.К.Мәмбетова, «Батыс су арнасы» ЖШС Абоненттік келісім-шарт бөлімінің бастығы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу