СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ «СЫРЫМ» ӨТКІЗУ БЕКЕТІНДЕ БОЛДЫ
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның өңірге іссапарында «Сырым» өткізу бекетінде болды.

Батыс Қазақстан мен Ресейдің Самара облысы арасындағы «Сырым» өткізу бекетінде кезектің жиілеп кеткені туралы талай айтылған болатын. Алайда шекарадағы алаңдатарлық ахуал бүгінде оң шешімін тапқан. Өткізу бекетін жаңғырту жобасы мемлекеттік сараптамадан өтіп, құрылыс құнына 1 миллиард 935 миллион теңге бөлінді. Жобаға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,4 шақырым болатын 8 жолақты жол салынды. Нәтижесінде бекеттің өткізу мүмкіндігі екі есе артты. Бұған дейін «Сырым» өткізу бекеті арқылы тәулігіне 3 мыңдай көлік өтсе, енді бір күнде 7 мыңға дейін жүк және жеңіл көлігі шекарадан өтуге мүмкіндік туды. Жобаға сай мұнда демалыс алаңы, құжаттарды тексеру аймағы салынды. Бекет аумағы толықтай абаттандырылып, қоршалып, тиісті жабдықтармен, бейнебақылау құралдарымен қамтамасыз етілген. «Сырым» өткізу бекетінің салтанатты ашылуы 29 қазанда болады деп жоспарланып отыр.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу