СЕГІЗ БАСЫМДЫҚ АЙҚЫНДАЛЫП, НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегіз басымдықты айқындап, облыста атқарылуы тиіс негізгі жұмыстарға байланысты Үкімет пен облыс басшысына тапсырмалар жүктеді.

Біріншіден, облыстың өндірістік әлеуетін пайдаланып, жоғары технологиялы кәсіпорындар ашу және инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу қажет.
Екінші тапсырма – агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін пәрменді іс-шаралар қабылдау.
Үшіншіден, әкімдіктер халықты кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларына тартып, бизнесті жүргізудің негіздеріне оқытуы және шағын несиелеу тәжірибесін кеңейтуі қажет.
Төртінші міндет – облыстың барлық аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу және тұрғын үй саясатын белсенді жүргізу. Облыс басшысына «Қолжетімді баспана» құрылысының барысы мен тұрғын үйлерді бөлуді қатаң бақылауда ұстау тапсырылды. 2020 жылы облыстағы елдімекендердің орталықтандырылған ауыз сумен қамту жүйесіне қосылуын 80 пайызға дейін жеткізу қажет.
Бесінші міндет – бірінші санатты инфрақұрылымды қамтамасыз ету. Бұл ретте 2021 жылға дейін Қазталов, Жәнібек, Бөкей Ордасы аудандары бағытындағы жол құрылысын аяқтау міндеті тұр. Тозығы жеткен электр желілерін жаңарту қажет.
Алтыншы міндет – әкімдіктер басқарудың жаңа технологияларын қолдану қажет. Облыс басшылығы қоғамдық бақылау жүргізу және сол сәтте мәселені шешу үшін азаматтық қоғамды белсенді тартуы керек. Кедергісіз орта қалыптастырып, адамдардың өтініштеріне жедел жауап берулері керек.
Жетіншіден, елімізде жастардың өздерін дамытуға мүмкіндіктері бар екенін іс жүзінде көрсету қажет.
Сегізінші міндет – биліктің халық алдындағы жауапкершілігі. Бұл ретте Үкімет 2025 жылға дейін мемлекет, бизнес, үкіметтік емес ұйым арасындағы жауапкершілікті айқындау мақсатында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын дайындауы тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ

Кіру
Пікір үстеу