САУДА ОРЫНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Өңірде санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатындағы мониторинг шаралары жалғасуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің бастауымен 27 қазан күні ұйымдастырылған кезекті мониторингте сауда үйлері мен базарлар назарға алынды. Өкінішке орай, енгізілген талаптарға немқұрайлылық танытқан кәсіпкерлік нысандары анықталды.

Мониторингтік топ өкілдері алдымен «Московский» сауда үйіне аялдады. Осы жазда кеңейтілген сауда үйінде қазір 600-дей сауда бутигі бар. БҚО Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаевтың №31 ПГВр «Батыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» қаулысына сәйкес сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендерде толымдылығы нысанның сыйымдылығының 30 пайызынан артық болмауы тиістігі көрсетілген болатын. Бұл талап аталған сауда үйінде сақтаулы. Мониторингтік топ өкілдері көз жеткізгендей, толымдылығы 10-20 пайыздай ғана. Әр бутикке аумағына қарай 2-5 адамнан ғана кіруге рұқсат беріліп, қызмет көрсетіледі. «Батыс Капитал Лимитед» ЖШС бас директоры Нұрлан Бужумов сауда үйінде санитарлық талаптардың сақталуы әрдайым қадағаланатынын айтты.
Сондай-ақ, бұл күні мониторингтік топ «Атриум» сауда орталығы, «Лаура», «Азиза» сауда үйлері, «Алтын алма» базарында болып, термометрия жүргізу, арақашықтықты көрсететін сызбаларды қою сынды бұзушылықтар анықтап, әкімгерлеріне ескерту жасап, олқылықтың орнын толтыруға уақыт берілді. Алдағы күндері мониторинг әлі де жалғаспақ. Жағдайды түзетпеген сауда орындарына әкімшілік хаттама толтырылады, одан әрі қызметі де тоқтатылуы мүмкін.
– Өкінішке орай, пандемияның екінші толқыны келе жатыр. Аурушаңдың жағдайы өсуде. Кеше елордада ведомоствоаралық комиссия отырысында Премьер министр санитарлық талаптарды күшейту туралы тапсырма берді. Бірнеше сауда үйінде нақты шаралар қабылданғанын көрдік. Дегенмен, санитарлық талаптарды орындамай отырған сауда үйлері де анықталуда. Сауда үйлері әкімшілігі тарапынан сақталуы тиіс үш негізгі фактор бар. Біріншісі – кіреберістерде қашықтан термометрия жүргізу, екіншісі – маскалық режимнің болуы, үшіншісі – арақашықтықтың сақталуы. Біздің мақсатымыз – санитарлық талаптарды сақтамаған сауда үйлерін жауып тастау емес, сауда үйінің әкімшілігімен бірігіп, санитарлық талаптардың сақталуын, осылайша бизнес нысандарының жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Көктем, жазғы маусымдарда эпидемиологиялық ахуалға байланыста сауда үйлері жабылды. Кәсіпкерлер мен сауда жасап нәпақа тауып жүрген жандардың жағдайы қиын болды. Сол уақыттан бері аяқтан тұра алмай жүргендері де бар. Санитарлық талаптарды сақтамаған сауда үйлері, базар әкімшіліктерімен әлі де жұмыстанатын боламыз. Ал жағдай өзгермесе, сауда үйлерін жабуымызға тура келеді. Тұрғындардың денсаулығы бәрінен қымбат, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу