8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Ақпан 2021 1497 0
Өзек

САУДА ҮЙЛЕРІНДЕ ҰРЛЫҚ ЖАСАҒАН

Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаладағы ірі сауда үйлеріне кіріп, бірнеше рет ұрлыққа жол берген күдікті тұлғаны құрықтады.


Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Орал қаласындағы «Строитель» ықшам ауданының тұрғыны 1982 жылғы А. есімді тұлға 2021 жылғы 12 қаңтарда, сағат 18.02-де «Электрокомплект» сауда үйінде құрылысқа қажетті таптырмайтын бірнеше  затты білдіртпей жымқырған. 1959 жылғы Н. есімді азаматқа 32 мың теңге материалдық залал келген.

Полиция қызметкерлерінің құрығына ілінгенше келесі кезекті ұрлықты 20 қаңтарда жасап үлгерді. Бұл күні кешкі сағат 18.00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылындағы «Аяжан» сауда үйінен уақ-түйектер сатып алмақ ниет танытып, киім- кешектер жиналған сөрелерді аралап жүріп,  үстел үстінен «Самсунг Галакси А21С» маркілі ұялы телефонды ұрлаған. Әрекетін сездірмеу үшін телефонның бетін полиэтилен пакетпен көлегейлеп, телефонды қолына қысып, сауда үйінен зып беріп шығып жүре берген. Г.есімді сауда үйінің қызметкеріне 80 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді.
Алайда, қырағы, көп жылғы еңбек өтілі бар жедел уәкілдер ұрлық қылмысын ашу үшін бірнеше бейнебақылау камераларын қарап, күдіктіні байқайды. Сақшылар әр қимылын мұқият зерделеп, күдіктіні ұстап, басқармаға жеткізген кезде ұрлық жасағанын толықтай мойындады.
Әр ұрлық орын алған мекенжайдан бейнетаспаға жазылған бұлтартпас айғақтар да алынды.
39 жастағы күдікті алдағы күндері заң алдында жауапталады.

Бүгінгі күні Полиция басқармасының тергеу бөлімінің өндірісінде осы ұрлық оқиғалары тергелуде.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
103 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
199 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
183 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
406 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»