«САРЫАРҚАНЫҢ» ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?
Деркөлдегі «Сарыарқа» шағынауданының тұрғындарын жол жайы алаңдатып отыр. Бұған дейін жол салу биыл жазда басталатыны туралы айтылған еді. Жаз ортасына келіп жетті. Ал құрылыс әлі басталған жоқ.

Шағынауданнан жер телімдері 2011 жылы берілген еді. Қазір мұнда ресми мәлімет бойынша 5 мыңнан тұрғын бар. Елдімекенде коммуналдық мәселелер шешілген. Өткен жылы жаңа мектеп салынып, балғындар қашықтағы мектепке қатынаудан құтылды. Сарыарқалықтар үшін қазір жол жайы өзекті болып отыр. Бұл жөнінде тұрғындар сан мәрте айтып та келеді. Жазда шаңы көтеріліп, ауа райы бұзылса, лайланып, балшыққа айналатын жол тұрғындарды титықтатты.
– Сәуір айында жиын жасап, жол құрылысын бастайтындарын айтты. Бірақ, жолымыз әлі басталған жоқ. Күні кеше сенбіден дүйсенбіге дейін толассыз жауған нөсер тұрғындарды әбден әбігерге салды. Әсіресе, күз бен көктемдегі жаңбырлы маусым балалардың мектепке жетуіне қиын, – дейді аудан тұрғындарының уәжін жеткізген зейнеткер-ұстаз Е.Құрманғалиев.
Былтыр Сарыарқаның бергі жағындағы «Үміттің» жолы салынып, «Сарыарқаға» дейін жетті. Биыл сол жол әрі қарай жалғастырылып, Сарыарқаның ішкі көшелеріне жол салу басталуы тиіс еді. Жауапты мекемелер де құрылыс жұмыстары маусымда басталатынын мәлім еткен болатын. Десек те маусым өтіп, шілде жеткенімен бірде-бір техника Сарыарқаға келген жоқ. Осы іске жауапты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жобаға түзетулер енгізіліп жатқанынын мәлім етті. Түзетулермен жаңартылған жоба сараптамаға жіберілуі керек. Қорытынды берілгеннен кейін мердігерді анықтау үшін байқау жарияланатын болады. «Деркөлдегі ТЖЖ-2-нің кварталішілік жолдары, өтпе жолдар мен ағын суларды су бұру құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы 2018 жылы дайындалды. Жобалаушы – «Smartech» ЖШС. Жоба бойынша шағын аудандағы жалпы ұзындығы 44 шақырым болатын 50 көшеге асфальт төселуі тиіс. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны – 3.2 млрд. теңге. Жобада кейбір кемшіліктерге байланысты ЖСҚ-ға түзетулер енгізілуде. Ол жуық арада аяқталуы керек. Одан соң байқау негізінде мердігер мекемені анықталып, жобаның бірінші кезеңін іске асыру басталады» делінген аталмыш бөлім жолдаған хабарламада. Жобаның бірінші кезеңінде қоғамдық көлік жүретін жолдар жөнделеді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды

Кіру
Пікір үстеу