8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2020 2454 0
Қалалықтар қаперіне

САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ АЙЛЫҒЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Орал қаласы әкімдігі 5 наурыздан бастап 16 мамырға дейін тазалық айлығын жариялады. Сәрсенбі күні қала басшысы Абат Шыныбеков  шаһардағы кәсіпкерлік субъектілері мен мекеме-ұйым басшыларын және ПИК жетекшілерін жинап, қала бойынша жарияланған санитарлық тазалық айлығына белсене қатысуға шақырды.

– Көктемнің ерте шығуына байланысты тазалық шаралары ерте басталуда. Қаланың тұрғыны ретінде оның тазалығына әрқайсымыз жауаптымыз. Әр мекеме-ұйым өкілдері әкімдіктің  ұсынысын оң қабылдап, сенбіліктерге атсалысады деп сенеміз. Жақын күндері – «Көрісу айт» және «Наурыз» мерекелері аталып өтіледі. Қос мейрамның қарсаңында әр мекеме ұжымы өз аумақтарын ретке келтіріп, әрлендіруі керек, – деді шаһар басшысы Абат Абайұлы.

Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің баяндауынша, сенбілік 14, 28 наурыз, 4, 11, 18, 25 сәуір және 2, 16 мамырда өтеді. Алғашқы сенбілікте – аумақты жаппай тазалау жүргізілсе, 28 наурыз бен 4  сәуірдегі сенбіліктер – көшеттер отырғызу, 11, 18 сәуір – жаппай тазалық, 25 сәуір – тазалық, қасбеттерді сырлау мен әктеуге арналмақ. 2 мамырда – «Таза жағалау» акциясы өткізілсе, қорытынды сенбілікте – жаппай тазалық жүргізу жоспарланған.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»