САЛТАНАТ АБУЛҒАЗИЕВА: «ТЕАТР – ӨНЕРКӘСІП ЕМЕС, ӨЗ ШЫҒЫНЫН АҚТАМАЙДЫ…»
Өнердің қайнаған қазанына айналған, Тәуелсіздіктің таңы атқан 1992 жылы ашылған, бүгінде бірнеше халықаралық, республикалық театрлар арасындағы байқаулардың жеңімпазы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры оралдық көрермендерге түрлі қойылымдар ұсынумен келеді. Кез-келген образға жан бітіріп, санасы мен нәзік жүрегі арқылы көрерменге жол сілтейтін аталмыш өнер ұжымын 27 наурыз – Халықаралық театрлар күнімен құттықтап, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры, өнертану магистрі, театртанушы Салтанат Абулғазиевамен сұқбаттасқан едік.

– Салтанат Мақсотқызы, Хадиша анамыздың атындағы төл театрға тұңғыш рет қадам басып, көшін қолға алдыңыз. Қадамыңызға гүл бітсін. Ал енді Жайықтағы жалғыз қазақ театрының қазіргі хал-күйі қалай?
– Иә, өзім туған өлкеге келіп, қасиетті өнер ордасына жетекшілік ету, көшін алға бастау ісіне бар ынтаммен кірісудемін. Жалпы, театрдың айнасы – репертуар. Қызметке кіріскен бойда репертуар мәселесін жан-жақты қарастыруды басты міндет етіп таңдадым. Жақында ғана көрермен назарына ұсынылған «МЕН» спектакліне арнайы қонақ ретінде шақырылған кәсіби театр сыншысы Бақыт Нұрпейістің қатысуымен кездесу ұйымдастырдық. Сол кезде Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры ашылғаннан бастап қойылған репертуарға сараптама жасалып, бізде сахнаға классикалық туындылар жетіспейтіндігі туралы сөз қозғалды. Қазіргі таңда көрсетілген кемшіліктерді жою бағытында жұмыс жасаудамыз. Біздің сахнада Әуезов те, Мүсірепов те, Чехов пен Островский да қойылуы керек. Себебі классика қай заманда да сұранысқа ие, актер классикада ойнау арқылы өседі. Сол жағынан келгенде біздің репертуар дұрыстап жұмыстануды қажет етеді.
Өнер ордасының материалдық-техникалық жағдайына тоқталар болсақ, театр ғимараты тозған, жаңартып-жаңғыртуды қажет етеді. Қолданысқа берілген кезінен бастап күрделі жөндеу жасалмапты. Ал штаттық құрамда 47 актер бар. Қазір саннан гөрі сапаға мән беретін заман. Сол себепті алдағы уақытта кәсіби мамандардан жасақталған аттестация ұйымдастырып, сол арқылы актерлық құрамды сүзгіден өткізбекпіз.
– Біраз жыл ысылып, біліміңіздің арқасында тәжірибе жинақтаған театртанушысыз. Өнертану магистрісіз. Х.Бөкеева атындағы театрға тың бастамалармен келген боларсыз. Әңгімеңізді тарқатып айтсаңыз.
– Қызметке кіріскен бойда БАҚ өкілдерімен кездесіп, алдағы уақытта жасалатын жұмыстардың бағыт-бағдарын айтып өткенмін. Көп ұзамай «Жусан» қойылымы көрерменге жол тартты. Мен қызметке кіріспес бұрын жоспарға енгізіліп қойған туынды болғандықтан, белгіленген уақытында сахналанды. Десе де, кәсіби маман ретінде Батыс өңірінде ең өзекті тақырыпқа айналған дін мәселесін қаузайтын аталмыш қойылымды әлі біраз шыңдап, драматургиялық бағытта дамыта түсу қажет деген ойдамын…




Сұқбаттасқан Мира ХАМЗАҚЫЗЫ
Толығырақ «Жайық үні» газетінің 2020 жылғы 11 наурыз күнгі №11 санынан оқи аласыздар.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу