8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Шілде 2022 1849 0
Руханият

Салт-дәстүрді жаңғыртты

Кеше Оралда «Бесік жыры» деген тақырыпта БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің жұмыс жоспарымен және «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жобасының қолдауымен тәлімді шара ұйымдастырылды.
Облыстық Аналар кеңесінің төрайымы, ардагер- ұстаз Шалқыма Хайроллақызы халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеп, жастарға сәбиді бесікке қалай салу керегін айтып берді. «Алас, алас, баладан алас, Иесі келді, пәлесі көш! Алас, алас, бәледен алас. Көзі жаманның көзінен алас! Тілі жаманның тілінен алас! Қырық қабырғасынан алас, Отыз омыртқасынан алас! -деп бабалар жырын еске түсіртті.
Кішкентай нәрестені бесікке бөлеп, ши, жөргек, құс төсек, жастық, көрпе, жарлық, кепіл, тартпа бау, бесік жапқыш сынды бесік жабдықтары көрсетілген шарада әжелер бесік жырын шырқады. Сондай-ақ,
«AMANAT» партиясының қолдауымен шығарылған пайдалы кітапшалар Аналар кеңесі кабинетіне сыйға тартылды.
Ағалар әуені вокалдық тобының мүшесі Серік Қабдырұлы:|
«Төле би «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» десе, дана халқымызда «Туған жер – алтын бесік» деген сөз бар. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Туған жерді бесікке теңеу де бесікке деген құрметтен, – деп тілегін білдірді. Жиналған қауым бұл шарадан зор мағлұмат алды.

Өз тілшіміз. Рафхаттың суреттері.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
188 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
234 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
415 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
403 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»