Сайлау өкілді билікті барлық деңгейде жаңарту үдерісін аяқтайды
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Н. Әбдіров биыл ауқымды реформалар аясында жаңа Конституция бойынша референдум және Құрылтай депутаттарының сайлауы өткенін еске салды. 23 тамыздағы дауыс беру қорытындысы бойынша жаңа бір палаталы Парламент құрамына 145 депутат енді. Мәслихат сайлауы осы жаңару үдерісін жергілікті деңгейде аяқтап, республикалық деңгейден аудандық деңгейге дейінгі жаңартылған өкілді органдар жүйесін толықтырады.
Президент бұл сайлауды мемлекеттік басқару жүйесін жалпы трансформациялау үдерісімен байланыстырды. Мемлекет басшысының айтуынша, сайлау білікті әрі кәсіби мәслихат депутаттарының корпусын қалыптастыруға жол ашып, олардың жұмысына жаңа серпін береді. Бұл ұстаным Мемлекет басшысының мәслихаттар форумында да айтылған кәсібилендіру бағытымен үндеседі. Атап айтқанда, депутаттардың ротациясы мен жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылған болатын.
Соңғы жаңалықтар
БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Выборы завершают обновление представительной власти на всех уровнях.
АЭС құрылысы аяқталғаннан кейін станцияны іске қосу неге ұзақ уақыт алады?
Конституция – кәсіпкерлік еркіндігі мен экономикалық дамудың құқықтық негізі
КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ АДАЛ БӘСЕКЕ – ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН САҚТАУДАН БАСТАЛАДЫ
ЕГІНДІКӨЛДІКТЕР ЖОЛ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАР МӘСЕЛЕСІН ҚОЗҒАДЫ

Кіру