МЕДИЦИНА ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ТЕТІГІ ҚАРАЛДЫ
Орал қаласындағы «Жаңа Орда» шағынауданының аға буын өкілдері «Әділет» партиясы облыстық сайлауалды штабының өкілдерімен кездесті. «Тұмарым» клубында өткен ашық әңгімеге Бұлбұл Сапаргалиева мен Эльмира Сүйеугазиева қатысып, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тыңдады.
Кездесуде денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыру және әлеуметтік қолдау мәселелері сөз болды. Штаб өкілдері партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттармен таныстырып, өңірдің медицина саласына қатысты жоспарларын тарқатып айтты.
Атап айтқанда, бағдарламада Орал қаласында 550 орындық көпбейінді аурухана мен 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салу көзделген. Ауылдық жерлерде 36 жаңа медициналық нысан мен 7 диагностикалық орталық ашу, 48 медициналық нысанды жаңа жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарланған. Сондай-ақ Деркөл кентінде дәрігерлік амбулатория, патологоанатомиялық бюро және жедел медициналық жәрдем қызметінің жаңа ғимаратын салу қарастырылған.
«Денсаулық сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық қызметтің қолжетімділігі – тұрғындарды күнделікті толғандыратын маңызды мәселелер. Сондықтан аға буын өкілдерінің пікірін тыңдап, олардың ұсыныстарын ескеру қажет», – деді штаб өкілдері.
Кездесу ашық сұхбат форматында жалғасты. Аға буын өкілдері бейінді дәрігерлердің қабылдауына жазылу, жеңілдетілген дәрі-дәрмек алу тәртібі және шағынауданды абаттандыру мәселелері бойынша сауалдарын қойды. Қатысушыларға тиісті түсініктемелер беріліп, өзекті мәселелер облыстық штабтың назарына алынды.
Тұрғындардың ұсынысы мен күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді тыңдау – өңірдің даму бағыттарын талқылаудың маңызды бөлігі. Кездесу барысында көтерілген сауалдар да осының айғағы болды.
Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Соңғы жаңалықтар
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кіру










